Бейімделгіш түймешіктерді пайдалану

Түсіру экраны немесе қарау экранынан бейімделгіш түймешікті бассаңыз, ағымдағы режимнің мәзірі көрсетіледі және әр түрлі параметрлерді өзгерте аласыз.

1: 1-бейімделгіш түймешік

2: 2-бейімделгіш түймешік

3: 3-бейімделгіш түймешік

4: 4-бейімделгіш түймешік

  1. Мәзірді көрсету үшін бейімделгіш түймешікті басыңыз.
    • Фотокамера параметрлеріне байланысты бейімделгіш түймешікті бассаңыз да мәзір көрсетілмейді.
  2. Тармақты таңдау үшін бейімделгіш түймешікті басыңыз.
    • көрсетілгенде алдыңғы экранға оралу үшін 1-бейімделгіш түймешікті () басыңыз.
    • Кейбір опциялар фотокамера параметрлеріне қарай таңдалмауы немесе көрінбеуі мүмкін.
  3. Тармақты таңдау үшін бейімделгіш түймешікті басыңыз.
    • Мәзір мазмұны екінші бетте жалғасқанда беттің күйін көрсететін бағыттауыш (1) көрсетіледі. Алдыңғы немесе келесі бетті көрсету үшін мульти селекторды басыңыз.
  4. Параметрді растау үшін бейімделгіш түймешікті басыңыз.
    • Ағымдағы параметр сары жолақпен көрсетіледі (1).
    • Мәзір көрсетілгенде ысырманы босату түймешігін немесе () түймешігін басу арқылы суретке түсіру режиміне қайтаруға болады.