[Point and shoot (Көздеу және суретке түсіру)] осында үлгі ретінде пайдаланылады. [Point and shoot (Көздеу және суретке түсіру)] режимінде суретті кадрға алу барысында фотокамера суретке түсіру жағдайларын анықтайды және шарттарға сәйкес суреттер түсіруіңізге болады.
Қалған кадрлар санын немесе қалған жазу уақытын көрсететін индикатор жыпылықтайды не кескіндер немесе бейнефильмдер сақталып жатқанда [Please wait for the camera to finish recording. (Фотокамераның түсіруді аяқтауын күтіңіз.)] көрсетіледі. Индикатор жыпылықтағанда батарея бөлімінің/жад картасы ұяшығының қақпағын ашпаңыз немесе батареяны не жад картасын шығармаңыз. Олай жасау деректердің жоғалуына немесе фотокамераның не жад картасының зақымдалуына әкелуі мүмкін.
Фотокамераны келесі жағдайларда тұрақтандыру үшін штативті пайдалану ұсынылады: