Smile timer (Күлкіні түсіру таймері)

Фотокамера жымиған бетті анықтағанда кескінді ысырманы босату түймешігін баспастан түсіруге болады. Теріні жұмсарту функциясы адам беттерінің тері реңктерін жұмсартады.

  1. Түсіру режимі
  2. 2-бейімделгіш түймешік ()
  3. Self-timer (Өздігінен түсіруді реттейтін таймер)
  4. Smile timer (Күлкіні түсіру таймері)
  1. Суретті кадрға алыңыз.
    • Фотокамераны адам бетіне бағыттаңыз.
  2. Ысырманы босату түймешігін баспай тұрып, нысанның жымиғанын күтіңіз.
    • Егер фотокамераның қос жақтауы беттің жымиып тұрғанын анықтаса ысырма автоматты түрде босатылады.
    • Фотокамера жымиып тұрған бетті әр анықтаған сайын ол ысырманы автоматты түрде босатады.
    • Түсіру үшін ысырманы босату түймешігін де пайдалануға болады.
  3. Автоматты түсіруді аяқтау.
    • 2-бейімделгіш түймешікті () [Self-timer (Өздігінен түсіруді реттейтін таймер)] [Off (Өшірулі)] басыңыз.

[Smile timer (Күлкіні түсіру таймері)] туралы ескертпелер

Өздігінен түсіруді реттейтін таймер шамы жыпылықтағанда

[Smile timer (Күлкіні түсіру таймері)] пайдаланғанда фотокамера адам бетін анықтаса, өздігінен түсіруді реттейтін таймер шамы жыпылықтайды, ал ысырма босатылғаннан кейін жылдам жыпылықтайды.

Тері реңкін жұмсарту функциясын пайдалану

Адам беті көрінсе, кескінді сақтаудан бұрын фотокамера бет терісінің реңкін жұмсарту (үш бетке дейін) үшін кескінді өңдейді.
[Make skin prettier (Теріні әдемірек ету)] функциясы ойнату режимінде [Add makeup (Макияж қосу)] пайдалану арқылы сақталған кескіндерге де қолданылуы мүмкін.
Add makeup (Макияж қосу)

Теріні жұмсарту бойынша ескертпелер

  • Суретке түсіруден кейін кескіндерді сақтау үшін әдеттегіден артық уақыт қажет болуы мүмкін.
  • Кейбір суретке түсіру жағдайларында қажетті нәтижеге қол жеткізе алмауыңыз мүмкін және әсерлер кескіннің беттері жоқ аймақтарына қолданылуы мүмкін.