Фокустау

Ысырманы босату түймешігі
Бетті анықтау функциясын пайдалану
Автофокус үшін үйлесімді емес нысандар
Фокустау құлпы

Ысырманы босату түймешігі

ПайдалануСипаттама
Жартылай басуЫсырманы босату түймешігін «жартылай» басу деп түймешікті басқанда жеңіл қарсылық байқалатын жерге дейін түймешікті басып тұруды айтамыз.
  • Ысырманы босату түймешігін жартылай басқан кезде фокус пен экспозиция (ысырма жылдамдығы мен f саны) орнатылады. Түймешік жартылай басылғанда фокустау мен экспозиция құлыптаулы түрде сақталады.
  • Фокустау аумағы түсіру режиміне және параметрлеріне қарай әртүрлі болады.
Толық басуЫсырманы босату түймешігін «толық» басу деп түймешікті толық басуды айтамыз.
  • Ысырманы босату түймешігі толығымен басылғанда ысырма босатылады.
  • Ысырманы босату түймешігін басқан кезде күш салмаңыз, бұл фотокамера діріліне және кескіндердің бұлдырауына әкелуі мүмкін. Түймешікті ақырын басыңыз.

Бетті анықтау функциясын пайдалану

Келесі параметрлерде фотокамера адамның беттеріне фокусталу үшін автоматты түрде бетті анықтау жүйесін пайдаланады.

Фотокамера бірнеше бетті анықтаса, фотокамера фокусқа алатын бет қос жақтауға алынып, қалған беттер бір жақтаумен қоршалады.

Ысырманы босату түймешігі жартылай басылғанда ешбір бет анықталмаса:

Бетті анықтау мүмкіндігі туралы ескертпелер

  • Фотокамераның беттерді анықтау мүмкіндігі бірнеше факторға, соның ішінде нысанның қарап тұрған бағытына тәуелді болады.
  • Фотокамера төмендегі жағдайларда беттерді анықтай алмайды:
    • Беттер күннен қорғау көзілдірігімен жартылай немесе басқадай жабылғанда
    • Беттер жақтаудың тым көп не тым аз бөлігін алғанда

Автофокус үшін үйлесімді емес нысандар

Камера келесі жағдайларда күткендей фокусталмауы мүмкін. Сирек жағдайларда, фокустау аумағының немесе фокустау индикаторының жасыл түспен көрсетілуіне қарамастан нысан фокуста болмауы мүмкін:

Жоғарыда көрсетілген жағдайларда қайта фокустау үшін ысырманы босату түймешігін қайтадан бірнеше рет жартылай басып көріңіз немесе фотокамерадан қажет нысанмен бірдей қашықтықта орналасқан басқа нысанды фокустаңыз да, фокустау құлпын пайдаланыңыз.
Фокустау құлпы

Фокустау құлпы

Фотокамера құрамында қажетті нысан жоқ фокустау аумағын белсендірмейтін кезде фокустау құлпы мүмкіндігімен түсіру ұсынылады. Төменде және жақтаудың ортасында фокустау аумағы көрсетілген кезде фокустау құлпын пайдалану жолы түсіндірілген.

  1. Нысанды кадрдың ортасына орналастырып, ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз.
    • Фотокамера нысанды фокустайды және фокустау аумағы жасыл түспен көрсетіледі.
    • Экспозиция да құлыпталады.
  2. Саусағыңызды алмай, суретті қайта жиектеңіз.
    • Фотокамера мен нысан арасында бірдей қашықтықтың сақталғанына көз жеткізіңіз.
  3. Суретті түсіру үшін ысырманы босату түймешігін толық басыңыз.