Жеке бейнефильм файлдары ұзақ жазу үшін жад картасында бос орын жеткілікті болса да, ұзақтығы жағынан 29 минуттан аспайды. Бір бейнефильмнің максималды өлшемі: 4 ГБ.
29 минуттан аз жазған күнде де файл өлшемі 4 ГБ асып кетсе, жазу аяқталады.
Қалған кадрлар санын немесе қалған жазу уақытын көрсететін индикатор жыпылықтайды не кескіндер немесе бейнефильмдер сақталып жатқанда [Please wait for the camera to finish recording. (Фотокамераның түсіруді аяқтауын күтіңіз.)] көрсетіледі. Индикатор жыпылықтағанда батарея бөлімінің/жад картасы ұяшығының қақпағын ашпаңыз немесе батареяны не жад картасын шығармаңыз. Олай жасау деректердің жоғалуына немесе фотокамераның не жад картасының зақымдалуына әкелуі мүмкін.
«Автофокус үшін үйлесімді емес нысандар» үшін автофокус күткендегідей орындалмауы мүмкін. Мұндай жағдай орын алса, төмендегілердің біреуін орындап көріңіз:
Басқа нысанды (фотокамерадан керекті нысан орналасқан қашықтықта тұрған) жақтаудың ортасына алыңыз, ( бейнефильмді жазу) түймешігін басып түсіруді бастаңыз да, кадр жиектемесін өзгертіңіз.