Ішкі жадты пішімдеу үшін осы опцияны пайдаланыңыз.
Фотокамераның жад картасын алдын ала алыңыз.
Ішкі жадты біржола пішімдеу барлық деректерді жояды. Жойылған деректерді қайтару мүмкін емес. Пішімдемес бұрын маңызды кескіндерді міндетті түрде компьютерге сақтап алыңыз.
Пішімдеуді бастау үшін көрсетілген экрандағы 3-бейімделгіш түймешікті ( [Format (Пішімдеу)]) басыңыз.
Кескін құлпы орнатылған кезде пішімдеу әрекет орындалмайды. Кескін құлпын ашыңыз.
Кескінді жоюға тыйым салу (кескінді құлыптау)