Қол жетімділігі елге не аймаққа байланысты өзгеруі мүмкін.
Соңғы ақпаратты веб-сайтымыздан немесе кітапшаларымыздан қараңыз.
EH-62G айнымалы ток адаптерін жалғау
Батарея бөлімін/жад картасы ұяшығының қақпағын ашып, батареяны алыңыз.
Қуат жалғағышы ұяшығына қуат жалғағышын толығымен салып, одан кейін айнымалы ток адаптерін батарея бөліміне салыңыз.
Айнымалы ток адаптерін пайдаланған кезде батарея бөлімін/жад картасы ұяшығының қақпағын жабу мүмкін емес. Қуат жалғағышының кабелін тартпаңыз. Кабель тартылса, фотокамера мен қуат көзінің арасында қосылым үзіледі, сөйтіп фотокамера өшеді.