Батареяны зарядтау

Қолданар алдында EN-EL20a қайта зарядталатын литий-ионды батареяны зарядтаңыз. Фотокамераға салынған батареямен батареяны зарядтау үшін бөлек сатылатын UC-E25 USB кабелін (екі ұшында C типті қосқыштары бар) пайдаланып камераны қосымша EH-8P айнымалы ток адаптеріне қосыңыз.

  • EH-8P айнымалы ток адаптерін берілген USB кабелі арқылы қосу мүмкін емес.
  1. EN-EL20a құрылғысын камераға салыңыз.
  2. Бөлек сатылатын UC-E25 USB кабелін (екі ұшында C типті қосқыштары бар) камераға жалғаңыз, одан кейін қосымша EH-8P айнымалы ток адаптерін ( ).
    Айнымалы ток адаптерін тұрмыстық розеткаға қосыңыз. Енгізу және алу кезінде ашаны тік ұстаңыз.
    • Қосулы шам (зарядтау шамы) ( ) батарея зарядталып жатқанда жыпылықтайды. Зарядтау аяқталған кезде қосулы шам (зарядтау шамы) өшеді.
    • Таусылған батарея шамамен 3 сағатта толық зарядталады.
    • Зарядтау аяқталған кезде, USB кабелін ажыратыңыз. Ажырату кезінде қосқыштарды түзу ұстауды ұмытпаңыз.
    • Штепсельдің пішіні сатып алынатын елге немесе аймаққа байланысты өзгереді.