Тікелей трансляция ( USB ағыны (UVC/UAC))

Камераны смарт құрылғыға немесе компьютерге жинақтағы USB кабелі арқылы қосу арқылы камерадағы бейне мен дыбысты тікелей ағындық бағдарламалық құралмен және веб-мәжіліс қолданбаларымен пайдалануға болады.

Тікелей трансляция

Желі мәзірінде [ USB ] параметрін [ USB ағыны (UVC/UAC) ] күйіне орнату және жинақтағы USB кабелін пайдаланып камераны смарт құрылғыға немесе компьютерге қосу арқылы тікелей ағынды орындауға болады.

  1. Камера: желі мәзірінде [ USB ] тармағын таңдап, [ USB ағыны (UVC/UAC) ] тармағын бөлектеп, J түймесін басыңыз.
  2. Камераны берілген USB кабелі арқылы смарт құрылғыға немесе компьютерге қосыңыз.
    • Камера ағынмен жіберудің күту режиміне өтеді және түсіру дисплейінде ағынмен жіберуді бастауды сұрайтын хабар u белгісімен бірге көрсетіледі.
    • Бейне режимінің түсіру дисплейі фото/бейне селекторының параметріне қарамастан көрсетіледі. Ақ түс балансы және Picture Control сияқты бейне режимінің параметрлері ағынды бейнеге қолданылады.
  3. Смарт құрылғы/компьютер: смарт құрылғы немесе компьютердің тікелей ағынды қолданбасы арқылы ағынмен жіберуді бастаңыз.
    • Ағын басталады және түсіру дисплейінде w көрсетіледі.
    • Ағынды бейне келесідей шығарылады.
      • Кадр өлшемі/кадр жиілігі: 1080/60p, 1080/30p, 720/60p, 720/30p (бағдарламалық құралда/қолданбада қолжетімді параметрлер смарт құрылғының/компьютердің үлгісі мен сипаттамаларына байланысты өзгереді)
      • Бейне пішімі: MJPEG
      • Аудио пішімі: PCM, 16-бит, стерео

Ескертулер: ағын

  • Тікелей трансляция кезінде смарт құрылғыда немесе компьютерде тікелей эфирге арналған бағдарламалық құрал немесе веб-мәжіліс қолданбалары орнатылғанын тексеріңіз.
  • Трансляция келесі жағдайларда автоматты түрде аяқталады:
    • желі мәзіріндегі [ USB ] параметрі [ USB ағыны (UVC/UAC) ] параметрінен басқа параметрге орнатылғанда,
    • USB кабелі шығарылып, байланыс аяқталғанда немесе
    • камера өшірілген кезде.
  • Ағынды кейбір камера мүмкіндіктерімен біріктіру мүмкін емес, соның ішінде:
    • бейне жазу,
    • масштабтау,
    • HDMI қосылымы және
    • Ағыннан басқа смарт құрылғымен немесе компьютермен байланыс ( NX Studio бағдарламалық құралы, т.б.).
  • Кейбір мәзірлерді трансляция кезінде орнатуға болады; бірақ мәзір жұмысы кезінде бейне сұр түспен ағынмен көрсетіледі.
  • Ағынға арналған қолданбаларға/бағдарламаларға қоса, операциялық жүйеге немесе смарт құрылғының немесе компьютердің үлгісіне байланысты қосылу қолданбалары немесе бағдарламалық құрал да қажет болуы мүмкін.
  • Біз камераның барлық смарт құрылғылармен немесе компьютерлермен жұмыс істейтініне кепілдік бере алмаймыз.