Батареяны немесе жад карталарын салу немесе алу алдында қуат ажыратқышы OFF күйінде екеніне көз жеткізіңіз. Сарғылт түсті батарея ілмегін бір жаққа басылған күйде ұстау үшін батареяны пайдалана отырып, батареяны көрсетілген бағытта салыңыз. Батарея толық салынған кезде ілмек батареяны орнында құлыптайды.

Батарея ілмегі

Жад картасын көрсетілген бағытта ұстап, орнына «шырт» етіп түскенше тікелей ұяшыққа сырғытыңыз.

Батарея және зарядтау құрылғысы

«Қауіпсіздік шаралары» (0 Қауіпсіздік шаралары) және «Фотокамера мен батареяны күту: сақтық ескертулер» (0 Caring for the Camera and Battery: Cautions (Фотокамера мен батареяны күту: сақтық ескертулер) бөлімдеріндегі ескертулер мен сақтық ескертулерді оқып, орындаңыз).

Жад карталары

  • Жад карталары пайдаланылғаннан кейін ыстық болуы мүмкін. Жад карталарын фотокамерадан алған кезде абай болыңыз.
  • Жад карталарын салу немесе алудан бұрын қуатты өшіріңіз. Пішімдеу барысында немесе деректер жазылып, өшіріліп немесе компьютерге көшіріліп жатқан кезде, жад карталарын фотокамерадан алмаңыз, фотокамераны өшірмеңіз немесе қуат көзінен суырмаңыз немесе ажыратпаңыз. Осы сақтық шаралары қолданылмаса, деректер жоғалуы, я болмаса фотокамера немесе жад картасы зақымдалуы мүмкін.
  • Жад картасының түйіспелеріне саусақтармен немесе металл заттармен тимеңіз.
  • Имеңіз, түсіріп алмаңыз немесе қатты соққылар алуына жол бермеңіз.
  • Жад картасының корпусына күш қолданбаңыз. Осы сақтық шарасы қолданылмаса, жад картасы зақымдалуы мүмкін.
  • Судың, ыстықтың, жоғары ылғалдылықтың немесе күннің тік сәулелерінің әсер етуіне жол бермеңіз.
  • Жад карталарын компьютерде пішімдемеңіз.

Жад картасы жоқ

Жад картасы салынған болса, басқару панелі мен көріністапқыш S көрсетеді. Фотокамера зарядталған батарея бар және жад картасы салынбаған күйде өшірілсе, басқару панелінде S көрсетіледі.

Жазудан қорғау ажыратқышы

SD жад карталары деректердің кездейсоқ жоғалуына жол бермеу үшін жазудан қорғау ажыратқышымен жабдықталған. Бұл қосқыш «құлыптау» күйінде болса, жад картасын пішімдеу мүмкін емес және фотосуреттерді өшіру немесе жазу мүмкін емес (ысырманы босатуға тырыссаңыз, мониторда ескерту көрсетіледі). Жад картасының құлпын ашу үшін ажыратқышты «write» (жазу) күйіне сырғытыңыз.

Жазудан қорғау ажыратқышы

Батареяны және жад карталарын алу

Батареяны алу

Батареяны алу үшін фотокамераны өшіріп, батарея бөлімінің қақпағын ашыңыз. Батареяны босату үшін батарея ілмегін көрсеткімен көрсетілген бағытта басыңыз, содан кейін батареяны қолмен алыңыз.

Жад карталарын алу

Жад картасына қатынасу шамы өшірулі екеніне көз жеткізгеннен кейін фотокамераны өшіріп, жад картасы ұяшығының қақпағын ашыңыз, сөйтіп шығару үшін картаны ішке басыңыз (). Содан кейін картаны қолмен алуға болады ().