D7500 келесі кескін сапасы параметрлерін қолдайды:

Кескін сапасын X (T) түймешігін басу және қажетті параметр ақпараттық дисплейде көрсетілгенше басты басқару дискін бұрау арқылы орнатуға болады.

X (T) түймешігі

Басты басқару дискі

JPEG сығымдалуы

Жұлдызша («») бар кескін сапасы параметрлерінде максималды сапаны қамтамасыз етуге арналған сығымдалу пайдаланылады; файлдардың өлшемі көрініске қарай өзгеріп отырады. Жұлдызшасыз параметрлерде кішірек файлдарды жасауға арналған сығымдалу түрі пайдаланылады; жазылатын көрініске қарамастан барлық файлдардың өлшемі бірдей дерлік болады.

NEF (RAW) пішіміндегі кескіндер

NEF (RAW) опциясын таңдау кескін өлшемін Large (Үлкен) мәнінде бекітеді. NEF (RAW) пішіміндегі кескіндердің JPEG көшірмелерін NX Studio немесе басқа бағдарламалық жасақтаманы я болмаса өңдеу мәзіріндегі NEF (RAW) processing (NEF (RAW) өңдеу) параметрін пайдаланып жасауға болады (0 NEF (RAW) processing (NEF (RAW) өңдеу)).

NEF+JPEG

NEF (RAW) + JPEG пішімінде түсірілген фотосуреттерді фотокамерада көргенде тек JPEG пішіміндегі кескін көрсетіледі. Бұл параметрлерде түсірілген фотосуреттерді жойғанда NEF пішіміндегі де, JPEG пішіміндегі де кескіндер жойылады.

Фотосурет түсіру мәзірі

Кескін сапасын фотосурет түсіру мәзіріндегі Image quality (Кескін сапасы) параметрін пайдалану арқылы да реттеуге болады (0 Image quality (Кескін сапасы)).

Сонымен қатар келесіні қараңыз

Кескін сапасының және өлшемінің әр түрлі параметрлерінде сақтауға болатын суреттердің саны туралы ақпаратты «Жад картасының сыйымдылығы» (0 Жад картасының сыйымдылығы) бөлімінен қараңыз.