Өңдеу мәзірін көрсету үшін G түймешігін басыңыз және N (өңдеу мәзірі) қойындысын таңдаңыз.

G түймешігі

Өңдеу мәзіріндегі параметрлер бар суреттердің кадр шеттері кесілген немесе өңделген көшірмелерін жасау үшін пайдаланылады. Өңдеу мәзірі фотокамераға фотосуреттер бар жад картасы салынған кезде ғана көрсетіледі.

G түймешігін басып, N қойындысын таңдау арқылы ғана таңдауға болады.

Өңделген кескін немесе түпнұсқа толық өлшемде қарау режимінде көрсетілгенде i түймешігін басу және Retouch (Өңдеу) пәрменін таңдау арқылы өңдеу мәзірі көрсетілгенде ғана қолжетімді.

өңделген көшірмелер жасау

Өңделген көшірме жасау үшін:

  1. Өңдеу мәзірінде элементті таңдаңыз.

    Элементті белгілеу үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз, таңдау үшін 2 түймешігін басыңыз.

  2. Суретті таңдаңыз.

    Суретті белгілеңіз және J түймешігін басыңыз. Белгіленген суретті толық экранда көру үшін X (T) түймешігін басып, ұстап тұрыңыз.

    Өңдеу

    NEF + JPEG кескін сапасы параметрлерінде жазылған фотосуреттердің тек NEF (RAW) пішіміндегі кескіндері ғана өңделеді. Фотокамера өзге құрылғылардың көмегімен жасалған кескіндерді көрсете немесе өңдей алмауы мүмкін.

  3. Өңдеу параметрлерін таңдаңыз.

    Қосымша мәлімет алу үшін таңдалған элементке арналған бөлімді қараңыз. Өңделген көшірмені жасамай шығу үшін G түймешігін басыңыз.

    Мониторды өшіруді кешіктіру

    Қысқа уақыт ішінде ешбір әрекет орындалмаса, монитор өшеді және жұмыс тоқтатылады. Кез келген сақталмаған өзгертулер жоғалады. Монитор қосулы қалатын уақытты арттыру үшін c4 (Monitor off delay (Мониторды өшіруді кешіктіру), 0 c4: Monitor off Delay (Мониторды өшіруді кешіктіру)) қолданушы параметрі үшін ұзағырақ мəзірді көрсету уақытын таңдаңыз.

  4. Өңделген көшірме жасаңыз.

    Өңделген көшірме жасау үшін J түймешігін басыңыз. Өңделген көшірмелер Z белгішесімен көрсетіледі.

Ағымдағы кескінді өңдеу

Ағымдағы кескіннің өңделген көшірмесін жасау үшін i түймешігін басыңыз және Retouch (Өңдеу) пәрменін таңдаңыз.

Көшірмелерді өңдеу

Параметрлердің көпшілігін басқа өңдеу параметрлерін пайдаланып жасалған көшірмелерге қолдануға болады, дегенмен Image overlay (Кескін үстіне қабаттау) және Edit movie (Бейнефильмді өңдеу) > Choose start/end point (Басталу/аяқталу нүктесін таңдау) параметрлерін қоспағанда, әр параметрді тек бір рет қолдануға болады (бірнеше өңдеу кішігірім элементтердің жоғалуына әкелуі мүмкін екенін ескеріңіз). Ағымдағы кескінге қолданылуы мүмкін емес параметрлер сұр түске боялады және қолжетімді болмайды.

Кескін сапасы мен өлшемі

Trim (Кадр шеттерін кесу) және Resize (Өлшемін өзгерту) арқылы жасалған көшірмелер жағдайын қоспағанда, JPEG пішіміндегі кескіндерден жасалған көшірмелердің өлшемі түпнұсқамен бірдей болады, ал NEF (RAW) пішіміндегі фотосуреттерден жасалған көшірмелер өте жақсы сападағы JPEG пішіміндегі кескіндер ретінде сақталады.