Баяу ысырма жылдамдығымен түсірілген фотосуреттердегі «шуды» (жарық нүктелер немесе тұман) азайтыңыз.
|
Опция |
Сипаттама |
|---|---|
|
[ ] |
1 секундтан баяу ысырма жылдамдығымен түсірілген фотосуреттердегі шуды азайтыңыз. |
|
[ ] |
Ұзақ экспозициядағы шуды азайту өшірілген. |
Ұзақ экспозициядағы шуды азайту фотосурет түсірілгеннен кейін орындалады. Өңдеу кезінде түсіру дисплейінде [ ] пайда болады. Хабар дисплейден жойылмайынша, суреттерді түсіру мүмкін емес. Түсіруден кейін фотосуреттерді өңдеуге қажетті уақыт шамамен екі есе артады. 
Өңдеу аяқталмай тұрып камера өшірілсе, сурет сақталады, бірақ шуды азайту орындалмайды.

