i мәзірі
Бұл мәзір жиі қолданылатын параметрлерге жылдам қол жеткізу үшін пайдаланылады. Мәзірді көру үшін i түймесін басыңыз.
-
Мульти селекторды пайдаланып элементтерді бөлектеңіз және опцияларды көру үшін J түймесін басыңыз. Қажетті опцияны бөлектеп, таңдау және i мәзіріне оралу үшін J түймесін басыңыз.
-
Бас тарту және алдыңғы дисплейге оралу үшін i түймесін басыңыз.
-
Кейбір жағдайларда i мәзірінде ағымдағы уақытта бөлектелген элемент үшін параметрді негізгі басқару дискін айналдыру арқылы таңдауға болады. Таңдалған параметрге арналған опцияларды, егер бар болса, қосалқы басқару дискін айналдыру арқылы таңдауға болады.
-
Кейбір элементтерді дискіні айналдыру арқылы реттеуге болады.
-
Өзгерістерді сақтау үшін J түймесін басыңыз. Сондай-ақ, ысырманы босату түймесін жартылай басу немесе басқа элементті бөлектеу арқылы өзгертулерді сақтауға болады.