Суреттерді кездейсоқ жойылудан қорғау үшін A ( L ) түймесін пайдаланыңыз. Бұл жад картасы пішімделген кезде суреттердің жойылуына жол бермейтінін ескеріңіз.

  1. Суретті таңдаңыз.

    Ойнатуды бастау және қорғағыңыз келетін суретті көрсету үшін K түймесін басыңыз.

  2. A ( L ) түймесін басыңыз.

    Қорғалған суреттер P белгішесі арқылы көрсетіледі; қорғанысты алып тастау үшін суретті көрсетіп, A ( L ) түймесін қайта басыңыз.

Барлық суреттерден қорғауды жою

Қалтадағы барлық суреттерден немесе ойнату мәзіріндегі « Ойнату» қалтасы үшін таңдалған қалталардан қорғауды жою үшін i мәзірінде Барлығын қорғауды өшіру опциясын таңдаңыз.