Камера SD, SDHC және SDXC жад карталарын, соның ішінде UHS-I стандартымен үйлесімді SDHC және SDXC карталарын қолдайды. Бейнефильм жазу және ойнату үшін UHS жылдамдық класы 3 немесе одан жоғарырақ карталар ұсынылады; баяу карталарды пайдалану жазу немесе ойнатудың үзілуіне әкелуі мүмкін. Карталарды оқу құрылғыларында пайдалану үшін карталарды таңдағанда, олардың құрылғымен үйлесімді екеніне көз жеткізіңіз. Мүмкіндіктер, жұмыс және пайдалану шектеулері туралы ақпарат алу үшін өндірушіге хабарласыңыз.