Қосулы таңдалса, шуды (жарық нүктелер немесе тұман) азайту үшін 1 секундтан төмен ысырма жылдамдығымен түсірілген фотосуреттер өңделеді. Өңдеуге қажетті уақыт шамамен екі есе артады; өңдеу кезінде «Шуды азайтуды орындау» хабары көрсетіледі және суреттерді түсіру мүмкін емес (егер өңдеу аяқталмай тұрып камера өшірілсе, сурет сақталады, бірақ шуды азайту орындалмайды).