Түс кеңістігі түстерді шығару үшін қолжетімді түстер гаммасын анықтайды. [ sRGB ] жалпы мақсаттағы басып шығару және көрсету үшін ұсынылады. Түстердің [ sRGB ] түріне қарағанда кең гаммасы бар [ Adobe RGB ] кәсіби басылым мен коммерциялық басып шығару үшін жақсы таңдау болып табылады.

Түс кеңістігі

Capture NX‑D және ViewNX‑i осы камерамен жасалған фотосуреттерді ашқан кезде дұрыс түс кеңістігін автоматты түрде таңдайды. Нәтижелерге үшінші тарап бағдарламалық құралымен кепілдік берілмейді.

Adobe RGB

Түстерді дәл шығару үшін Adobe RGB кескіндері түстерді басқаруды қолдайтын қолданбаларды, дисплейлерді және принтерлерді қажет етеді.