Объектив немесе корпус қақпағы алынған кезде шаң-тозаңның фотокамераға кіруіне жол бермеу үшін сақ болыңыз. Осы нұсқаулықта иллюстрациялық мақсаттарда негізінен AF-S DX NIKKOR 18–140mm f/3.5–5.6G ED VR объективі пайдаланылған.

Фотокамераның корпус қақпағын алыңыз

Объективтің артқы қақпағын алыңыз

Бекіту белгілерін туралау

Объективті орнына «шырт» етіп түскенше көрсетілгендей айналдырыңыз

Суреттер түсіру алдында объектив қақпағын алыңыз.

Объективті ажырату

Объективтерді алған немесе ауыстырған кезде фотокамераны өшіруді ұмытпаңыз. Объективті алу үшін объективті босату түймешігін () басып, ұстап тұрыңыз және объективті сағат тілі бағытында бұраңыз (). Объективті алғаннан кейін объектив қақпақтарын және фотокамераның корпус қақпағын қайта орнатыңыз.

Апертура сақиналары бар кірістірілген микропроцессоры бар объективтер

Апертура сақинасымен жабдықталған кірістірілген микропроцессоры бар объективтер қолданылған кезде (0 Кірістірілген микропроцессоры бар және G, Е және D түріне жататын объективтерді тану) апертураны минималды параметрде құлыптаңыз (ең жоғарғы f саны).