Қосылған D-Lighting

Қосылған D-Lighting жарық аумақтардағы және көлеңке тұстардағы кішігірім элементтерді сақтап, табиғи контрасты бар фотосуреттерді жасайды. Жоғары контрастты көріністер үшін пайдаланыңыз, мысалы, есік немесе терезеден көрінетін көп жарық түскен пейзажды фотосуретке түсіргенде я болмаса шуақты күнде көлеңкеленген нысандардың суреттерін түсіргенде пайдаланыңыз. Ол матрицалық өлшеммен бірге пайдаланылған кезде ең тиімді болады (0 Өлшеу).

Қосылған D-Lighting өшірулі

Қосылған D-Lighting: Y Авто

«Active D-Lighting (Қосылған D-Lighting)» және «D-Lighting» режимдерін салыстыру

Фотосурет және бейнефильм түсіру мәзірлеріндегі Active D-Lighting (Қосылған D-Lighting) параметрі динамикалық ауқымды оңтайландыру үшін суретке түсіру алдында экспозицияны реттейді, ал өңдеу мәзіріндегі D-Lighting параметрі (0 D-Lighting) суретке түсіруден кейін кескіндердегі күңгірт аумақтарды жарықтандырады.

Қосылған D-Lighting функциясын пайдалану үшін:

  1. Active D-Lighting (Қосылған D-Lighting) функциясын таңдаңыз.

    Фотосурет түсіру мәзірінде Active D-Lighting (Қосылған D-Lighting) функциясын белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.

  2. Параметрді таңдаңыз.

    Қажетті параметрді белгілеп, J түймешігін басыңыз. Егер Y Auto (Автоматты) күйі таңдалса, фотокамера суретке түсіру жағдайларына сай Қосылған D-Lighting режимін автоматты түрде реттейді (дегенмен, M режимінде Y Auto (Автоматты) параметрі Q Normal (Қалыпты) параметріне тең болады).

Active D-Lighting (Қосылған D-Lighting)

Қосылған D-Lighting арқылы түсірілген фотосуреттерде бұрмалану (кездейсоқ орналасқан жарық нүктелер, түстердің әркелкілігі немесе сызықтар) пайда болуы мүмкін. Кейбір нысандарда біркелкі емес көлеңке көрініп тұруы мүмкін. Қосылған D-Lighting жоғары ISO сезімталдықтарда (Hi 0,3–Hi 5) қолданылмайды.

Қосылған D-Lighting және бейнефильмдер

Бейнефильм түсіру мәзірінде Active D-Lighting (Қосылған D-Lighting) үшін Same as photo settings (Фотосурет параметрлерімен бірдей) таңдалса және фотосурет түсіру мәзірінде Auto (Автоматты) таңдалса, бейнефильмдер Normal (Қалыпты) параметріне тең параметрмен түсіріледі. Қосылған D-Lighting 3840 × 2160 кадр өлшемінде қолданылмайды.

Сонымен қатар келесіні қараңыз

Түсірілімдер қатарында Қосылған D-Lighting мәнін өзгертіп отыру туралы ақпаратты «Брекетинг» (0 ADL брекетингі) бөлімінен қараңыз.

Жоғары динамикалық ауқым (HDR)

Жоғары контрастты нысандармен пайдаланылатын High Dynamic Range (Жоғары динамикалық ауқым) (HDR) әр түрлі экспозицияларда түсірілген екі түсірілімді біріктіріп, жарық аумақтардағы және күңгірт аумақтардағы кішігірім элементтерді сақтайды. HDR матрицалық өлшеммен бірге пайдаланғанда ең тиімді (0 Өлшеу; нүктелі экспоөлшегіште немесе ортасы бойынша өлшеуде және микропроцессормен жабдықталмаған объективте Auto (Автоматты) күші Normal (Қалыпты) параметріне тең болады). Оны NEF (RAW) пішіміндегі кескіндерді жазу үшін пайдалану мүмкін емес. HDR қосулы болса, әрі A және % ысырма жылдамдықтары қолжетімді емес болса, жарқыл жарығын, брекетингті (0 Брекетинг), бірнеше экспозицияны (0 Multiple exposure (Бірнеше экспозиция)) және баяулатылған түсіруді (0 Time-lapse movie (Баяулатылған бейнефильм)) пайдалану мүмкін емес.

Бірінші экспозиция (күңгірттеу)

+

Екінші экспозиция (ашықтау)

Біріктірілген HDR кескіні

  1. HDR (high dynamic range) (HDR (Жоғары динамикалық ауқым)) параметрін таңдаңыз.

    Фотосурет түсіру мәзірінде HDR (high dynamic range) (HDR (Жоғары динамикалық ауқым)) параметрін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.

  2. Режимді таңдаңыз.

    HDR mode (HDR режимі) параметрін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.

    Мыналардың біреуін белгілеп, J түймешігін басыңыз.

    • Қатарынан бірнеше HDR фотосуретін түсіру үшін 6 On (series) (Қосулы (бірнеше сурет)) параметрін таңдаңыз. HDR режимінде суретке түсіру HDR mode (HDR режимі) үшін Off (Өшірулі) күйі таңдалғанша жалғасады.
    • Бір HDR фотосуретін түсіру үшін On (single photo) (Қосулы (бір фотосурет)) параметрін таңдаңыз. Бір HDR фотосуреті жасалғаннан кейін қалыпты суретке түсіру автоматты түрде жалғасады.
    • Қосымша HDR фотосуреттерін жасамастан шығу үшін Off (Өшірулі) күйін таңдаңыз.

    On (series) (Қосулы (бірнеше сурет)) немесе On (single photo) (Қосулы (бір фотосурет)) таңдалған болса, көріністапқышта l белгішесі көрсетіледі.

  3. HDR strength (HDR күші) параметрін таңдаңыз.

    Екі түсірілім арасында экспозициядағы айырмашылықты (HDR күші) таңдау үшін HDR strength (HDR күші) параметрін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.

    Қажетті параметрді белгілеп, J түймешігін басыңыз. Auto (Авто) таңдалған болса, фотокамера HDR күшін көрініске сай болуы үшін автоматты түрде реттейді.

  4. Фотосуретті жақтауға алып, фокустаңыз және суретке түсіріңіз.

    Ысырманы босату түймешігі соңына дейін басылған кезде фотокамера екі сурет түсіреді. Кескіндер біріктіріліп жатқанда l j басқару панелінде жəне l l көріністапқышта жыпылықтайды; жазу аяқталғанша фотосуреттер түсіру мүмкін болмайды. Суретке түсіру режимі үшін қазіргі уақытта таңдалған параметрге қарамастан ысырманы босату түймешігі басылған сайын тек бір фотосурет түсіріледі.

    On (series) (Қосулы (бірнеше сурет)) параметрі таңдалған болса, HDR мүмкіндігі HDR mode (HDR режимі) үшін Off (Өшірулі) күйі таңдалғанда ғана өшеді; On (single photo) (Қосулы (бір фотосурет)) параметрі таңдалған болса, HDR мүмкіндігі фотосурет түсірілгеннен кейін автоматты түрде өшеді. l белгішесі HDR режимінде суретке түсіру аяқталғанда дисплейден кетеді.

HDR фотосуреттерін жақтауға алу

Кескін жиектері кесіледі. Суретке түсіру кезінде фотокамера немесе нысан қозғалса, қажет нәтижелер алынбауы мүмкін. Штативті пайдалану ұсынылады. Көрініске қарай әсер көрінбеуі мүмкін, ашық нысандар айналасында көлеңкелер немесе күңгірт нысандар айналасында галолар көрінуі мүмкін. Кейбір нысандарда біркелкі емес көлеңке көрініп тұруы мүмкін.

BKT түймешігі

f1 (Custom control assignment (Қолданушы басқару элементін тағайындау)) > BKT button (BKT түймешігі) + y (0 Custom Control Assignment (Қолданушы басқару элементін тағайындау)) қолданушы параметрі үшін HDR (high dynamic range (жоғары динамикалық ауқым)) параметрі таңдалған болса, HDR режимін BKT түймешігін басу және негізгі басқару дискін айналдыру арқылы және күшін BKT түймешігін басу және қосымша басқару дискін айналдыру арқылы таңдауға болады. Режим және күш басқару панелінде көрсетіледі: режимді білдіретін белгішелер Off (Өшірулі) үшін 5, On (single photo) (Қосулы (бір фотосурет)) үшін B және On (series) (Қосулы (бірнеше сурет)) үшін 6, ал күшті білдіретіндері Auto (Автоматты) үшін &, Extra high (Өте жоғары) үшін 7, High (Жоғары) үшін 8, Normal (Қалыпты) үшін 9 және Low (Төмен) үшін ! болады.

Аралықты реттейтін таймер арқылы фотосурет түсіру

Аралықты реттейтін таймер арқылы түсіру басталмас бұрын HDR mode (HDR режимі) үшін On (series) (Қосулы (бірнеше сурет)) таңдалған болса, фотокамера таңдалған аралықта HDR фотосуреттерін түсіруді жалғастырады (On (single photo) (Қосулы (бір фотосурет)) таңдалған болса, аралықты реттейтін таймер арқылы түсіру бір түсірілімнен кейін аяқталады).