Бұл бөлімде SnapBridge қолданбасын пайдаланып жатқанда кездесуіңіз мүмкін кейбір жағдайлар сипатталған.

«Unable to Connect. (Қосылу мүмкін емес.)»

Фотокамера қосыла алмағаны туралы хабарды көрсетсе, J түймешігін басып, Жұптастыру және қосылу бөлімінің 3-қадамына оралыңыз. Жұптастырудан бас тарту үшін G түймешігін басыңыз.

Жұптастыру мәселелері

Фотокамераға қосылу кезінде мәселелер болса, мына әрекеттерді орындап көріңіз:

  • SnapBridge қолданбасынан шығып, қайта іске қосу. SnapBridge қолданбасынан шығыңыз және ол фонда жұмыс істеп жатпағанына көз жеткізіңіз. Қолданбаны қайта іске қосу үшін қолданба белгішесін түртіңіз, содан кейін «Жұптастыру және қосылу» бөлімін 1-қадамнан қайталаңыз.
  • iOS жүйесінен фотокамераны «ұмытуды» сұрау (тек iOS). iOS құрылғысында жұптастыру сәтсіз аяқталса, фотокамера атауы құрылғының есінде әлі бар болуы мүмкін. Бұл жағдайда iOS жүйесінен төменде көрсетілгендей фотокамераны «ұмытуын» сұрау керек болады.

Суреттерді жүктеп алу

Суреттерді смарт құрылғыға жүктеп алу кезінде баяу жүктеп алулар немесе басқа мәселелер болса, жұптастыруды аяқтаңыз және құрылғыларды қайтадан жұптастырып көріңіз.

  1. Смарт құрылғы: SnapBridge қолданбасында қойындысын ашыңыз, > Forget camera (Фотокамераны ұмыту) > D7500 тармағын түртіңіз және сұралғанда жұптастыруды аяқтау үшін Yes (Иә) жауабын түртіңіз.

    Содан кейін iOS пайдаланушылары iOS жүйесінен төменде көрсетілгендей фотокамераны «сұрауы» сұрау керек болады.

  2. Фотокамера: фотокамераны смарт құрылғымен жұптастыру үшін фотокамераның баптау мәзірінде Connect to smart device (Смарт құрылғыға қосылу) пәрменін таңдаңыз, Start (Бастау) пәрменін белгілеңіз, J түймешігін басыңыз және Жұптастыру және қосылу бөлімінің нұсқауларын 2-қадамнан бастап орындаңыз.