Суреттерді кірістірілген жарқылды, фотокамераның керек-жарақтарға арналған құрылғысында бекітілген жарқыл бөлігін, я болмаса, бір немесе бірнеше қашықтан басқарылатын жарқыл бөлігін пайдаланып түсіруге болады.

Кірістірілген немесе фотокамераға бекітілетін жарқыл

Мыналарды пайдаланып суреттер түсіріңіз:

Кірістірілген жарқыл (0 Жарқылмен фотосурет түсіру бөлімін қараңыз)

Фотокамераның керек-жарақтарға арналған құрылғысына бекітілген жарқыл бөлігі (жарқыл бөлігімен бірге қамтамасыз етілген нұсқаулықты қараңыз)

Қашықтан басқарылатын жарқылмен фотосурет түсіру

Сымсыз жарқылды басқарудың келесі түрлерін (жақсартылған сымсыз жарық жүйесі немесе AWL) бір немесе бірнеше қашықтан басқарылатын жарқыл бөлігімен бірге пайдалануға болады:

Кірістірілген жарқыл арқылы оптикалық AWL (0 Кірістірілген жарқыл/SB-500)

Керек-жарақтарға арналған құрылғыға бекітілген жарқыл бөлігі арқылы оптикалық AWL (0 Кірістірілген жарқыл/SB-500, Басқа жарқыл бөліктері)

SB-5000 арқылы таңдалған параметрлер пайдаланылатын радио AWL (0 SB-5000 жарқыл бөлігіндегі басқару тетіктері пайдаланылатын радио AWL)

Фотокамераның кірістірілген жарқылы арқылы оптикалық AWL біріктірілген радио AWL (0 Optical/Radio AWL (Оптикалық/радио AWL))

Радио AWL (0 Радио AWL)