Ағымдағы фотосуретті жою үшін O (Q) түймешігін басыңыз. Таңдалған фотосуреттерді, таңдалған күні түсірілген барлық фотосуреттерді немесе ағымдағы ойнату қалтасындағы барлық фотосуреттерді өшіру үшін ойнату мәзіріндегі Delete (Өшіру) параметрін пайдаланыңыз. Жойылғаннан кейін фотосуреттерді қалпына келтіру мүмкін емес. Қорғалған немесе жасырын суреттерді жою мүмкін емес екенін ескеріңіз.

Ойнату кезінде

Ағымдағы фотосуретті жою үшін O (Q) түймешігін басыңыз.

  1. O (Q) түймешігін басыңыз.

    Растау тілқатысу терезесі көрсетіледі.

    O (Q) түймешігі

  2. O (Q) түймешігін қайта басыңыз.

    Фотосуретті жою үшін O (Q) түймешігін басыңыз. Фотосуретті жоймай шығу үшін K түймешігін басыңыз.

    O (Q) түймешігі

Күнтізбені қарау

Күнтізбені қарау кезінде күндер тізіміндегі күнді белгілеу және O (Q) түймешігін басу арқылы таңдалған күнде түсірілген барлық фотосуреттерді жоюға болады (0 Күнтізбені қарау).

Сонымен қатар келесіні қараңыз

Кескін жойылғаннан кейін көрсетілетін кескінді таңдау туралы ақпаратты K > After delete (Жоюдан кейін) (0 After delete (Жоюдан кейін)) бөлімінен қараңыз.

Ойнату мәзірі

Қарау мәзіріндегі Delete (Өшіру) параметрінің келесідей параметрлері бар. Кескіндер санына байланысты өшіру үшін белгілі бір уақыт қажет болуы мүмкін екенін ескеріңіз.

Selected (Таңдалған): таңдалған фотосуреттерді жою

  1. Суреттерді таңдаңыз.

    Мульти селекторды пайдаланып суретті белгілеңіз және таңдау немесе таңдауды алу үшін W (Z) түймешігін басыңыз. Таңдалған суреттер O белгішесімен белгіленеді (белгіленген суретті толық экранда көру үшін X/T түймешігін басып, ұстап тұрыңыз). Қосымша суреттерді таңдау үшін қажетінше қайталаңыз.

    W (Z) түймешігі

  2. Әрекетті аяқтау үшін J түймешігін басыңыз.

    Растау диалогтық терезесі көрсетіледі; Yes (Иə) жауабын белгілеп, J түймешігін басыңыз.

Select Date (Күнді таңдау): таңдалған күнде түсірілген фотосуреттерді жою

  1. Күндерді таңдаңыз.

    Белгіленген күні түсірілген барлық суреттерді таңдау үшін күнді белгілеп, 2 түймешігін басыңыз. Таңдалған күндер M белгішесімен белгіленеді. Қосымша күндерді таңдау үшін қажетінше қайталаңыз; күн таңдауын алып тастау үшін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.

  2. Әрекетті аяқтау үшін J түймешігін басыңыз.

    Растау диалогтық терезесі көрсетіледі; Yes (Иə) жауабын белгілеп, J түймешігін басыңыз.