Қосылу алдында SnapBridge қолданбасын орнату әрі Bluetooth және Wi-Fi функцияларын қосу арқылы смарт құрылғыны дайындау керек.

  1. Apple App Store® (iOS) немесе Google Play (Android) дүкенінде «snapbridge» деп іздеп, SnapBridge қолданбасын орнатыңыз.

    Қолдау көрсетілетін операциялық жүйелер туралы ақпарат жүктеп алу сайтында қолжетімді. Бұл фотокамера SnapBridge 360/170 қолданбасымен үйлесімді емес.

  2. Смарт құрылғыда Bluetooth және Wi-Fi функцияларын қосыңыз. Фотокамерамен іс жүзіндегі байланыс SnapBridge қолданбасын пайдаланып орнатылатынын ескеріңіз; құрылғыңыздағы «Параметрлер» қолданбасын пайдаланып қосылуға әрекеттенбеңіз.