Фотокамераны бірінші рет қосқанда сізден мульти селекторды және J түймешігін пайдаланып тілді таңдау сұралады.

Қосылу шебері көрсетіледі; фотокамераны және смарт құрылғыны жұптастыру үшін «SnapBridge қолданбасын пайдаланып қосылу» (0 SnapBridge қолданбасын пайдаланып қосылу) бөліміне өтіңіз.

Фотокамераны смарт құрылғымен жұптастыру үшін SnapBridge қолданбасын пайдаланбай жалғастыру үшін G түймешігін басыңыз және фотокамера сағатын орнату үшін мульти селектор мен J түймешігін пайдаланыңыз. Сағатты орнатқанша басқа әрекеттерді орындау мүмкін емес.

G түймешігі

Уақыт белдеуін таңдаңыз

Күн пішімін таңдаңыз

Жазғы уақыт параметрін таңдаңыз

Уақыт пен күнді орнатыңыз (фотокамера 24 сағаттық сағатты пайдаланатынын ескеріңіз)

Жұптастыруды басқа күнде қайта бастау

Фотокамераны бірінші рет қосқанда жұптастыруды аяқтамасаңыз, фотокамераның баптау мәзірінде Connect to smart device (Смарт құрылғыға қосылу) пәрменін таңдау арқылы кез келген уақытта жұптастыруды бастауға болады (0 Connect to smart device (Смарт құрылғыға қосылу)).