Түсіріп алмаңыз: қатты соққы немесе діріл әсер етсе, өнім дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.

Құрғақ ұстаңыз: бұл өнім суға төзімді емес және суға батырылса немесе ылғалдылығы жоғары жерде болса, дұрыс істемеуі мүмкін. Ішкі механизмнің тоттануы жөндеуге келмейтін зақымға әкелуі мүмкін.

Температураның кенет өзгерістерін болдырмаңыз: салқын кезде жылумен қамтамасыз етілген ғимаратқа кіру немесе шығу сияқты кезде орын алатын температураның оқыс өзгерістері құрылғы ішінде конденсаттың пайда болуына әкелуі мүмкін. Конденсаттың пайда болуына жол бермеу үшін температураны оқыс өзгерісіне душар етуден бұрын тасымалдауға арналған қапқа немесе пластик пакетке салыңыз.

Күшті магниттік өрістерден алыс ұстаңыз: бұл құрылғыны күшті электрмагниттік сәулелену немесе магниттік өрістер шығаратын жабдықтың қасында пайдаланбаңыз немесе сақтамаңыз. Радио таратқыштар сияқты жабдық шығаратын статикалық зарядтар немесе магниттік өрістер мониторға кедергі келтіруі, жад картасында сақталған деректерді зақымдауы немесе өнімнің ішкі тізбегіне әсер етуі мүмкін.

Объективті күнге қаратып қалдырмаңыз: объективті ұзақ уақыт бойы күнге немесе басқа күшті жарық көзіне бағытталған күйде қалдырмаңыз. Қатты жарық кескін сенсоры жұмысының нашарлауына әкелуі немесе фотосуреттерде ақ түсті бұлдырату әсерін беруі мүмкін.

Лазерлер және басқа қатты жарық көздері: лазерлерді немесе басқа өте қатты жарық көздерін объективке бағыттамаңыз, өйткені бұл фотокамераның кескін сенсорын зақымдауы мүмкін.

Қуат көзін суыру немесе ажырату алдында өнімді өшіріңіз: өнім қосулы немесе кескіндер жазылып немесе өшіріліп жатқан кезде өнімді розеткадан ажыратпаңыз немесе батареяны алмаңыз. Осындай жағдайларда қуатты күштеп ажырату деректердің жоғалуына немесе өнім жадының немесе ішкі тізбектің зақымдалуына әкелуі мүмкін. Қуаттың кенеттен үзіліп қалмауы үшін өнімді бір жерден екінші жерге айнымалы ток адаптері жалғаулы тұрғанда апаруға әрекет етпеңіз.

Тазалау: фотокамера корпусын тазалаған кезде, шаң мен ұлпаны ақырын кетіру үшін ауа үргішті пайдаланыңыз, содан кейін жұмсақ, әрі құрғақ шүберекпен абайлап сүртіңіз. Фотокамераны жағажайда немесе теңіз жағасында пайдаланғаннан кейін, құм немесе тұз түйірлерін аздап таза суға малынған шүберекпен сүртіңіз, содан кейін фотокамераның толық кебуін күтіңіз. Сирек жағдайларда статикалық электр тогы сұйық кристалдық дисплейлердің ашығырақ болуына немесе күңгірттенуіне әкелуі мүмкін. Бұл ақау емес және дисплей көп ұзамай өз қалпына келеді.

Объектив пен айна оңай зақымдалады. Тозаң мен ұлпаны ақырын ғана ауа үргішпен кетіру қажет. Аэрозольды үргішті пайдаланған кезде сұйықтықтың төгілмеуі үшін құтыны тік күйде ұстаңыз. Объективтегі саусақ іздеріне немесе басқа дақтарды кетіру үшін жұмсақ шүберекке объективті тазалағыш сұйықтықтың аз ғана мөлшерін құйыңыз және объективті мұқият сүртіңіз.

Кескін сенсорын тазалау туралы ақпаратты «Кескін сенсорын тазалау» (0 Кескін сенсорын тазалау, Қолмен тазалау) бөлімінен қараңыз.

Объектив түйіспелері: объектив түйіспелерін таза ұстаңыз.

Ысырма пердесіне тимеңіз: ысырма пердесі өте жіңішке және оңай зақымдалады. Қандай жағдай болмасын, пердеге күш салмау, оны тазалағыш құралдармен түрту немесе ауа үргіштен шығатын қатты ауа ағысын бағыттамау қажет. Бұл әрекеттер перденің сызылуына, деформациялануына немесе жыртылуына әкелуі мүмкін.

Ысырма пердесінің түстері біркелкі емес болып көрінуі мүмкін, бірақ бұл суреттерге әсер етпейді және ақаулықты білдірмейді.

Сақтау: зеңнің пайда болуына жол бермеу үшін фотокамераны құрғақ, әрі жақсы желдетілетін жерде сақтаңыз. Егер айнымалы ток адаптерін пайдалансаңыз, өрт шықпауы үшін адаптерді розеткадан ажыратыңыз. Егер өнімді ұзақ уақыт бойы пайдаланбайтын болсаңыз, батарея ақпауы үшін оны алып қойыңыз және фотокамераны ылғал тартқышы бар пластик пакетте сақтаңыз. Дегенмен, фотокамера қабын пластмасса сөмкеде сақтамаңыз, себебі бұл материалдың бұзылуына әкелуі мүмкін. Ылғал тартқыштың ылғалды тарту барысында ақырын өз көлемін жоғалтатынын және жүйелі түрде жаңасын салу қажеттігін ескеріңіз.

Зеңнің пайда болуына жол бермеу үшін фотокамераны сақталған жерінен, кемінде, айына бір рет шығарып тұрыңыз. Фотокамераны қосыңыз және оны қайта салып қоймас бұрын ысырманы бірнеше рет босатыңыз.

Батареяны салқын, әрі құрғақ жерде сақтаңыз. Батареяны алып тастамас бұрын түйіспе тұс қақпағын орнына салыңыз.

Монитор туралы ескертпелер: монитор өте жоғары дәлдікпен жасалған; нүктелердің кемінде 99,99 % істейді, ең көбі 0,01 % жетіспейді немесе ақаулы болып табылады. Бұл дисплейлердің құрамында үнемі жанып тұруы (ақ, қызыл, көк немесе жасыл) немесе үнемі өшірулі (қара) болу мүмкін нүктелер болғандықтан, бұл ақаулық емес және құрылғымен жазылатын кескіндерге әсер етпейді.

Монитордағы кескіндерді қатты жарық астында көру қиын болуы мүмкін.

Мониторды күшпен баспаңыз, себебі зақымдалуына немесе ақауына әкелуі мүмкін. Монитордағы тозаң немесе ұлпаларды ауа үргіш арқылы кетіруге болады. Дақтарды жұмсақ шүберекпен немесе былғары терімен ақырын сүрту арқылы кетіруге болады. Монитор сынып қалса, сынған әйнектен жарақат алмау және монитордағы сұйық кристалдың теріге тимеуі немесе көз бен ауызға кіріп кетпеуі үшін сақ болу қажет.

Батарея және зарядтағыш: дұрыс пайдаланылмаса, батареялар ағуы немесе жарылуы мүмкін. Батареяларды және зарядтау құрылғыларын пайдаланған кезде мына сақтық шараларын сақтаңыз:

  • Осы жабдықта пайдалану үшін құпталған батареяларды ғана пайдаланыңыз.
  • Батареяны отқа салмаңыз немесе шамадан тыс ыстық әсеріне душар етпеңіз.
  • Батареяның шеттерін таза күйде ұстаңыз.
  • Батареяны ауыстырудан бұрын өнімді өшіріңіз.
  • Пайдаланбаған кезде батареяны фотокамерадан немесе зарядтау құрылғысынан шығарыңыз және түйіспе тұс қақпағын орнына салыңыз. Бұл құрылғылар өшірулі болғанның өзінде аздаған заряд алып отырады және батарея қуатын батарея жарамсыз болатындай деңгейге дейін түсіруі мүмкін. Егер батарея біраз уақыт бойы пайдаланылмайтын болса, фотокамерадан сақтау үшін алу алдында оны фотокамераға салыңыз және таусылғанша пайдаланыңыз. Батареяны қоршаған орта температурасы 15 °C–25 °C салқын орында (ыстық немесе өте суық орындарды таңдамаңыз) сақтау керек. Осы әрекетті әр алты ай сайын қайталап тұрыңыз.
  • Батареяның заряды толық таусылған кезде фотокамераны қайта-қайта қосу немесе сөндіру батареяның жарамды мерзімін қысқартады. Пайдалану алдында заряды толығымен таусылған батареяларды зарядтау керек.
  • Батарея пайдаланылған кезде батареяның ішкі температурасы көтерілуі мүмкін. Ішкі температурасы жоғары кезде батареяны зарядтау әрекеті батареядан жұмыс істеу уақытын төмендетеді және батарея зарядталмауы немесе тек ішінара зарядталуы мүмкін. Зарядтау алдында батареяның салқындауын күтіңіз.
  • Батареяны 5 °C–35 °C қоршаған орта температураларында зарядтаңыз. Батареяны 0 °C-тан төмен немесе 40 °C-тан жоғары қоршаған орта температураларында пайдаланбаңыз; бұл сақтық шарасын қолданбау батареяны зақымдауы немесе оның өнімділігін нашарлатуы мүмкін. 0 °C-тан 15 °C-қа дейінгі және 45 °C-тан 60 °C-қа дейінгі батарея температураларында сыйымдылық азаюы және зарядтау уақыттары артуы мүмкін. Температура 0 °C-тан төмен немесе 60 °C-тан жоғары болса, батарея зарядталмайды.
  • Егер зарядтау кезінде CHARGE шамы жылдам жыпылықтаса (секундына шамамен сегіз рет), температура дұрыс ауқымда екенін тексеріңіз, содан кейін зарядтау құрылғысын розеткадан суырыңыз, сөйтіп батареяны алыңыз және қайта салыңыз. Егер мәселе шешілмесе, бірден пайдалануды доғарып, батарея мен зарядтау құрылғысын жергілікті сауда орнына немесе Nikon компаниясының қызмет көрсету өкіліне апарыңыз.
  • Зарядтау кезінде зарядтау құрылғысын қозғамаңыз немесе батареяны ұстамаңыз. Осы сақтық шарасын қолданбау өте сирек жағдайларда батарея ішінара зарядталған кезде зарядтау құрылғысының зарядтау аяқталғанын көрсетуіне әкелуі мүмкін. Зарядтауды қайта бастау үшін батареяны алып, қайта салыңыз.
  • Батарея төмен температураларда зарядталса немесе зарядталған температурадан төмен температурада пайдаланылса, оның сыйымдылығы уақытша азаюы мүмкін. Батарея 5 °C-тан төмен температурада зарядталса, Battery info (Батарея туралы мәлімет) (0 Battery info (Батарея туралы мәлімет)) дисплейіндегі батареяның жарамды мерзімінің индикаторы уақытша азаюды көрсетуі мүмкін.
  • Батарея толығымен зарядталғаннан кейін оны зарядтауды жалғастыра беру батареядан жұмыс істеу уақытын төмендетуі мүмкін.
  • Бөлме температурасында пайдаланған кезде толығымен зарядталған батареяның зарядын сақтау уақытының айтарлықтай төмендеуі батареяны ауыстыру керектігін көрсетеді. Жаңа батареяны сатып алыңыз.
  • Жинақтағы қуат кабелі және айнымалы ток адаптері тек MH-25a зарядтау құрылғысымен бірге пайдалануға арналған. Зарядтау құрылғысын үйлесімді батареялармен бірге ғана пайдаланыңыз. Пайдаланбаған кезде розеткадан суырып қойыңыз.
  • Зарядтау құрылғысының түйіспелерін қысқа тұйықтамаңыз. Осы сақтық шарасын орындамау зарядтау құрылғысының шамадан тыс ысуына және зақымдануына әкелуі мүмкін.
  • Пайдалану алдында батареяны зарядтаңыз. Маңызды шараларда фотосуреттер түсірген кезде толығымен зарядталған қосалқы батареяңыз дайын болсын. Орналасқан жеріңізге қарай қосалқы батареяларды тез арада сатып алу қиынға соғуы мүмкін. Салқын күндері батареяның сыйымдылығы төмендеуі мүмкін екенін ескеріңіз. Сырттағы салқын ауа райында фотосуреттер түсіру алдында батареяның толығымен зарядталғанына көз жеткізіңіз. Қосалқы батареяны жылы жерде ұстаңыз және екеуін қажетінше ауыстырыңыз. Жылығаннан кейін салқын батарея зарядының белгілі бір бөлігі қалпына келуі мүмкін.
  • Пайдаланылған батареяларды бағалы ресурс болып табылады; жергілікті ережелерге сай қайта өңдеуге тапсырыңыз.