P, S, A және M режимдерінен басқа режимдерде ақ түс балансын фотокамера автоматты түрде орнатады. P, S, A және M режимдерінде жарық көздерінің көпшілігі үшін автоматты ақ түс балансы ұсынылады, бірақ, қажет болса, көз түріне сәйкес басқа мәндерді таңдауға болады:

Параметр (Түс темп. *) Сипаттама
vAuto (Авто) Ақ түс балансы автоматты түрде реттеледі. Жарқыл жанса, нәтижелер тиісінше реттеледі. Ең жақсы нәтижелер алу үшін түрі G, E немесе D түріне жататын объектив түрін пайдаланыңыз.
  Normal (Қалыпты) (3500–8000 K)
Keep warm lighting colors (Жылы жарықтандыру түстерін сақтау) (3500–8000 K)
JIncandescent (Қызу бөлетін шам) (3000 K) Қызу бөлетін шам жарығының астында пайдаланыңыз.
IFluorescent (Флюоресцентті) Мынамен пайдаланыңыз:
  Sodium-vapor lamps (Натрий газ разрядты шамдар) (2700 K) Натрий газ разрядты жарықтандыру (спорт кешендерінде болады).
Warm-white fluorescent (Жылы ақ флюоресцентті) (3000 K) Жылы ақ флюоресцентті шамдар.
White fluorescent (Ақ флюоресцентті) (3700 K) Ақ флюоресцентті шамдар.
Cool-white fluorescent (Суық ақ флюоресцентті) (4200 K) Суық ақ флюоресцентті шамдар.
Day white fluorescent (Күндізгі ақ флюоресцентті) (5000 K) Күндізгі ақ флюоресцентті шамдар.
Daylight fluorescent (Күндізгі флюоресцентті) (6500 K) Күндізгі флюоресцентті шамдар.
High temp. mercury-vapor (Жоғары температуралы сынап газ разрядты шам) (7200 K) Жоғары түс температурасының жарық көздері (мысалы, сынап газ разрядты шамдары).
HDirect sunlight (Күннің тік сәулелері) (5200 K) Күннің тік сәулелері түскен нысандарда пайдаланыңыз.
NFlash (Жарқыл) (5400 K) Жарқылмен фотосурет түсіруге арналған.
GCloudy (Бұлтты) (6000 K) Күндізгі жарықта бұлтты күн райында пайдаланыңыз.
MShade (Көлеңке) (8000 K) Көлеңкедегі нысандар үшін күндіз пайдаланыңыз.
KChoose color temp. (Түс темп. таңдау) (2500–10 000 K) Мәндер тізімінен түс температурасын таңдаңыз (0 Түс температурасын таңдау).
LPreset manual (Алдын-ала қолмен енгізілген мəн) Нысанды, жарық көзін немесе бар фотосуретті ақ түс балансы үшін анықтама ретінде пайдаланыңыз (0 Preset Manual (Алдын-ала қолмен енгізілген мән)).

Мәндердің барлығы шамамен берілген және дәл реттеуді (тиісті болса) білдірмейді.

Ақ түс балансы L (U) түймешігін басу және қажетті параметр көрсетілгенше басты басқару дискін бұрау арқылы орнатылады.

L (U) түймешігі

Басты басқару дискі

Тікелей көрініс

Тікелей көріністе таңдалған параметр мониторда көрсетіледі.

Суретке түсіру мәзірлері

Сондай-ақ ақ түс балансын фотосурет немесе бейнефильм түсіру мәзіріндегі White balance (Ақ түс балансы) параметрін пайдаланып реттеуге болады (0 White balance (Ақ түс балансы), White balance (Ақ түс балансы)), бұл параметрді, сонымен бірге, ақ түс балансын дәл реттеу (0 Ақ түс балансын дәл реттеу) немесе ақ түс балансының алдын-ала енгізілген мәндерін басқару (0 Preset Manual (Алдын-ала қолмен енгізілген мән)) үшін пайдалануға болады. White balance (Ақ түс балансы) мәзіріндегі Auto (Автоматты) параметрі Normal (Қалыпты) және қызу бөлетін шамдар шығаратын жылы түстерді сақтайтын Keep warm lighting colors (Жылы жарықтандыру түстерін сақтау) параметрін таңдауды ұсынады, ал I Fluorescent (Флюоресцентті) параметрін жарық көзін шам түрлерінен таңдау үшін пайдалануға болады.

Студиядағы жарқыл жарығы

Автоматты түрде реттелетін ақ түс балансы үлкен студиялық жарқыл бөліктерін пайдаланғанда қажет нәтижелерді бермеуі мүмкін. Ақ түс балансынының қолмен алдын-ала енгізілген мәнін пайдаланыңыз немесе ақ түс балансын Flash (Жарқыл) параметріне орнатып, ақ түс балансын реттеу үшін дәл реттеуді пайдаланыңыз.

Түс температурасы

Жарық көзінің түйсінілетін түсі көрушіге және басқа жағдайларға байланысты өзгеріп отырады. Түс температурасы – бірдей толқын ұзындығы бар жарық шығару үшін жылытылуы тиіс нысанның температурасына негізделе отырып анықталатын жарық көзі түсінің объективті өлшемі. 5000–5500 К аралығындағы түс температурасы бар жарық көздері ақ түс ретінде көрінсе, қызу бөлетін шамдар сияқты түс температурасы төмендеу жарық көздері аздап сары немесе қызыл болып көрінеді. Түс температурасы жоғарылау жарық көздерінде көк түсті реңктер болады.

«Жылырақ» (қызылырақ) түстер «Суығырақ» (көгірек) түстер  

I (натрий газ разрядты шамдары): 2700 K
J (қызу бөлетін шам)/I (жылы ақ флюоресцентті): 3000 K
I (ақ флюоресцентті): 3700 K
I (суық ақ флюоресцентті): 4200 K
I (күндізгі ақ флюоресцентті): 5000 K
H (тік күн сәулелері): 5200 K
N (жарқыл): 5400 K
G (бұлтты): 6000 K
I (күндізгі флюоресцентті): 6500 K
I (жоғары температуралы сынап газ разрядты шамы): 7200 K
M (көлеңке): 8000 K

Ескертпе: Барлық сандар шамамен берілген.