1. Режимді таңдаңыз.

    Режимді таңдау дискін қажетті режимге бұраңыз.

    Басты басқару дискі

  2. Параметрлерді реттеңіз.

    Икемді бағдарламаға (P режимі), ысырма жылдамдығына (S және M режимдері), апертураға (A және M режимдері), экспозицияға және жарқыл түзетіліміне, жарқыл режиміне, фокустау нүктесіне, өлшеу, автофокус және АФ аумағының режимдеріне, брекетингке және фотосурет түсіру, бейнефильм түсіру және қолданушы параметрлері мәзірлеріндегі параметрлерге қажет реттеулер жасаңыз.

  3. Save user settings (Қолданушы параметрлерін сақтау) параметрін таңдаңыз.

    Мәзірлерді көрсету үшін G түймешігін басыңыз. Баптау мәзірінде Save user settings (Қолданушы параметрлерін сақтау) параметрін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.

    G түймешігі

  4. Save to U1 (U1 ішіне сақтау) немесе Save to U2 (U2 ішіне сақтау) пәрменін таңдаңыз.

    Save to U1 (U1 ішіне сақтау) немесе Save to U2 (U2 ішіне сақтау) пәрменін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.

  5. Қолданушы параметрлерін сақтаңыз.

    1 және 2 қадамдарында таңдалған параметрлерді 4-қадамда таңдалған режимді таңдау дискі күйіне тағайындау үшін Save settings (Параметрлерді сақтау) пәрменін белгілеп, J түймешігін басыңыз.

Қолданушы параметрлері

Келесілерді U1 немесе U2 күйіне сақтау мүмкін емес.

Фотосурет түсіру мәзірі:

  • Storage folder (Сақтау қалтасы)
  • Choose image area (Кескін аумағын таңдау)
  • Manage Picture Control (Picture Control режимін басқару)
  • Remote control mode (ML-L3) (Қашықтан басқару пульті режимі (ML-L3))
  • Multiple exposure (Бірнеше экспозиция)
  • Interval timer shooting (Аралықты реттейтін таймер арқылы түсіру)

Бейнефильм түсіру мәзірі:

  • Choose image area (Кескін аумағын таңдау)
  • Manage Picture Control (Picture Control режимін басқару)
  • Time-lapse movie (Даралай түсірілетін бейнефильм)

Қолданушы параметрлерінің мәзірі:

  • a10 (Manual focus ring in AF mode (АФ режиміндегі қолмен реттелетін фокус сақинасы))
  • d9 (Optical VR (Оптикалық ДА))