батарея деңгейі және қалған кадрлар саны
Батарея деңгейі
Батарея деңгейі басқару панелінде және көріністапқышта көрсетіледі.

Басқару панелі

Көріністапқыш
| Басқару панелі | Көріністапқыш | Сипаттама |
|---|---|---|
| L | ― | Батарея толық зарядталған. |
| K | ― | Батарея қуаты ішінара таусылған. |
| J | ― | |
| I | ― | |
| H | d | Батарея заряды төмен. Батареяны зарядтаңыз немесе қосалқы батареяны дайындаңыз. |
| H (жыпылықтайды) |
d (жыпылықтайды) |
Ысырманы босату мүмкіндігі өшірілген. Батареяны зарядтаңыз немесе ауыстырыңыз. |
Қалған кадрлар саны
Басқару панелі мен көріністапқыш ағымдағы параметрлерде түсіруге болатын фотосуреттердің санын көрсетеді (1000-нан асатын мәндер ең жақын жүздікке дейін дөңгелектеледі; мысалы, 2100 және 2199 арасындағы мәндер 2,1 деп көрсетіледі).
Қалған кадрлар саны

Басқару панелі

Көріністапқыш
