Толық зарядталған батареялармен жазуға болатын бейнефильмнің түсірілген бөлігі немесе түсірілімдер саны батареяның жағдайына, температураға, түсірілімдер арасындағы аралыққа және мәзірлер көрсетілетін уақыт ұзақтығына қарай өзгеріп отырады. Төменде EN-EL15a (1900 мАс) батареялары үшін үлгі сандар берілген 1.

  • Фотосуреттер, әр кадр бойынша суретке түсіру режимі (CIPA стандарты 2): шамамен 950 түсірілім
  • Фотосуреттер, үздіксіз суретке түсіру режимі (Nikon стандарты 3): шамамен 3880 түсірілім
  • Бейнефильмдер 4: HD түсірілген бөлігінің шамамен 80 минуты

EN-EL15a орнына EN-EL15c, EN-EL15b немесе EN-EL15 батареяларын да пайдалануға болады, бірақ кейде EN-EL15c/EN-EL15b/EN-EL15a батареяларымен салыстырғанда EN-EL15 батареясымен бір зарядпен азырақ суреттер түсірілуі мүмкін екенін ескеріңіз.

Келесі сынақ жағдайларында AF-S DX NIKKOR 18–140mm f/3.5–5.6G ED VR объективімен 23 °C (±2 °C) температурасында өлшенген: объектив шексіздіктен минималды ауқымға өткізілген және 30 с сайын әдепкі параметрлерде бір фотосурет түсірілген; жарқыл әрбір екінші түсірілімде жанған. Тікелей көрініс пайдаланылмайды.

Келесі сынақ жағдайларында AF-S DX NIKKOR 18–140mm f/3.5–5.6G ED VR объективімен 23 °C (±2 °C) температурасында өлшенген: кескін сапасы JPEG қалыпты деп орнатылған, кескін өлшемі L (үлкен), ысырма жылдамдығы 1/250 с деп орнатылған, ысырманы босату түймешігі үш секунд бойы жартылай басылған және фокус шексіздіктен минималды ауқымға үш рет өткізілген; содан кейін қатарынан алты түсірілім түсірілген және монитор бес секунд бойы қосылып, содан кейін өшірілген; бұл цикл күту режимінің таймері біткеннен кейін қайталанады.

Фотокамераның әдепкі параметрлерімен және Camera and Imaging Products Association (Фотокамераларды және суретті өңдеу құрылғыларын өндірушілер ассоциациясы) (CIPA) белгілеген шарттармен AF-S DX NIKKOR 18–140mm f/3.5–5.6G ED VR объективімен 23 °C (±2 °C) температурасында өлшенген. Жеке бейнефильмдер әрқайсысының өлшемі 4 ГБ-қа дейінгі бір немесе бірнеше файлдан тұрады, әрі жалпы ұзақтығы 29 минут 59 секундқа дейін болуы мүмкін; фотокамераның температурасы көтерілсе, жазу бұл шектерге жетпей тұрып аяқталуы мүмкін.

Келесі әрекеттер батареяның жарамды мерзімін қысқартуы мүмкін:

  • Мониторды пайдалану
  • Ысырманы босату түймешігі жартылай басылған күйде ұстап тұру
  • Қайталанатын автофокус әрекеттері
  • NEF (RAW) пішіміндегі фотосуреттерді түсіру
  • Ысырманың баяу жылдамдықтары
  • Фотокамераның Wi-Fi (сымсыз жергілікті желі) және Bluetooth мүмкіндіктерін пайдалану
  • Фотокамераны қосымша керек-жарақтар қосылған күйде пайдалану
  • ДА объективтерінде ДА (дірілді азайту) режимін пайдалану
  • AF-P объективімен қайта-қайта ұлғайту және кішірейту.

Nikon EN-EL15a қайта зарядталатын литий-ионды батареяларын барынша пайдалану үшін:

  • Батарея түйіспелерін таза күйде ұстаңыз. Ластанған түйіспелер батарея жұмысын нашарлатуы мүмкін.
  • Батареяларды зарядтап болғаннан кейін бірден пайдаланыңыз. Пайдаланусыз қалдырса, батареялар зарядын жоғалтады.