Бұл мүмкіндік жарқыл шығысын құлыптау үшін пайдаланылады. Ол жарқыл деңгейін өзгертпестен фотосуреттерді қайта жиектеуге және нысан кадрдың ортасында тұрмаса да жарқыл шығысының нысанға лайықты екенін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жарқыл шығысы ISO сезімталдық пен апертурадағы кез келген өзгерістерге автоматты түрде реттеледі.

Жарқыл қуатының құлпын пайдалану:

  1. Жарқыл қуатының құлпын фотокамераны басқару тетігіне тағайындаңыз.

    FV lock (Жарқыл қуатының құлпы) функциясын f1 (Custom control assignment (Қолданушы басқару тетігін тағайындау), 0 Custom control assignment (Қолданушы басқару тетігін тағайындау)) қолданушы параметрін пайдаланып басқару тетігіне тағайындаңыз.

  2. TTL жарқылды басқару тетігін таңдаңыз.

    Фотосурет түсіру мәзірінде Flash control (Жарқылды басқару) > Flash control mode (built-in) (Кірістірілген жарқылды басқару режимі (кірістірілген)) үшін TTL режимін таңдаңыз.

  3. Жарқылды көтеріңіз.

    P, S, A, M жəне 0 режимдерінде жарқылды M (Y) түймешігін басу арқылы көтеруге болады. i, k, p, n, o, s, w, f, d, e жəне ' режимдерінде жарқыл қажет кезде автоматты түрде шығады.

    M (Y) түймешігі

  4. Фокустаңыз.

    Нысанды кадрдың ортасына орналастырыңыз да, ысырманы босату түймешігін жартылай басып фокустаңыз.

  5. Жарқыл деңгейін құлыптаңыз.

    Жарқылды ң дайындығын білдіретін индикатордың (M) көрсетілгенін тексергеннен кейін 1-қадамда таңдалған басқару тетігін басыңыз. Жарқыл монитордың алдын-ала шығатын жарқылын шығарып тиісті жарқыл деңгейін анықтайды. Жарқыл шығысы осы деңгейде құлыптанады және жарқыл қуатының құлпы белгішесі (e) дисплейде көрсетіледі.

  6. Фотосуретті қайта жиектеңіз.

  7. Фотосурет түсіріңіз.

    Ысырманы босату түймешігін соңына дейін басып суретке түсіріңіз. Қажет болса, жарқыл қуатының құлпын босатпай қосымша суреттер түсіруге болады.

  8. Жарқыл қуатының құлпын босатыңыз.

    Жарқыл қуатының құлпын босату үшін 1-қадамда таңдалған басқару тетігін басыңыз. Жарқыл қуатының құлпы белгішесі (e) көрсетіліп тұрмағанын тексеріңіз.

Өлшеу

Кірістірілген жарқыл сыртқы жарқыл бөлігінсіз пайдаланылғанда жарқыл қуатының құлпы үшін өлшеу аумағы кадрдың ортасындағы 4 мм шеңбермен шектеледі. Кірістірілген жарқыл қашықтан басқарылатын жарқыл бөліктерін басқаратын басты жарқыл ретінде пайдаланылғанда фотокамера бүкіл кадрды өлшейді.