Бейнефильмдердің өңделген көшірмелерін жасау үшін түсірілген бөлік шеттерін кесіңіз немесе таңдалған кадрларды JPEG пішіміндегі фотосуреттер ретінде сақтаңыз.

Бейнефильмдердің кадр шеттерін кесу

Бейнефильмдердің кадр шеттері кесілген көшірмелерін жасау үшін:

  1. Бейнефильмді толық өлшемде көрсетіңіз (0 Кескіндерді көру).

  2. Жаңа бастапқы кадрда бейнефильмді кідіртіңіз.

    Бейнефильмді «Бейнефильмдерді көру» (0 Бейнефильмдерді қарау) бөлімінде сипатталғандай ойнатыңыз, J түймешігін басып ойнатуды бастаңыз және жалғастырыңыз, 3 түймешігін басып кідіртіңіз, ал 4 немесе 2 түймешігін басып, я болмаса басты немесе қосымша басқару дискін бұрап қажет кадрды табыңыз. Бейнефильмдегі шамамен алынған орынды бейнефильм орындалу барысының жолағынан анықтауға болады. Жаңа бастапқы кадрда ойнатуды кідіртіңіз.

    Ағымдағы күйі/жалпы ұзақтығы

  3. Choose start/end point (Басталу/аяқталу нүктесін таңдау) пәрменін таңдаңыз.

    i түймешігін басыңыз, содан кейін Choose start/end point (Басталу/аяқталу нүктесін таңдау) пәрменін белгілеңіз және J түймешігін басыңыз.

  4. Start point (Басталу нүктесі) параметрін таңдаңыз.

    Ағымдағы кадрдан басталатын көшірмені жасау үшін Start point (Басталу нүктесі) параметрін белгілеп, J түймешігін басыңыз. 9-қадамда көшірмені сақтаған кезде ағымдағы кадр алдындағы кадрлар жойылады.

      Start point (Басталу нүктесі)

  5. Жаңа басталу нүктесін растаңыз.

    Қажетті кадр қазір көрсетіліп тұрмаса, 4 немесе 2 түймешігін басып ілгері немесе кері айналдырыңыз (10 с ілгері немесе кері өту үшін басты басқару дискін бір тоқтауға бұраңыз; индекске я болмаса бейнефильмде индекстер болмаса, бірінші немесе соңғы кадрға өту үшін қосымша басқару дискін бұраңыз).

  6. Аяқталу нүктесін таңдаңыз.

    Басталу нүктесінен (w) аяқталу нүктесіне (x) дейін таңдау құралына ауысу үшін L (U) түймешігін басыңыз, содан кейін 5-қадамда сипатталғандай соңғы кадрды таңдаңыз. 9-қадамда көшірмені сақтағанда таңдалған кадрдан кейінгі кадрлар жойылады.

    L (U) түймешігі

    End point (Аяқталу нүктесі)  

  7. Көшірме жасаңыз.

    Қажет соңғы кадр көрсетілгеннен кейін 1 түймешігін басыңыз.

  8. Бейнефильмді алдын-ала қараңыз.

    Көшірмені алдын ала қарау үшін Preview (Алдын ала қарау) пәрменін белгілеп, J түймешігін басыңыз (алдын ала қарауды үзу және сақтау параметрлері мәзіріне оралу үшін 1 түймешігін басыңыз). Ағымдағы көшірмеден бас тарту және жаңа басталу нүктесін немесе аяқталу нүктесін таңдау үшін Cancel (Бас тарту) пәрменін белгілеп, J түймешігін басыңыз; көшірмені сақтау үшін 9-қадамға өтіңіз.

  9. Көшірмені сақтаңыз.

    Көшірмені жаңа файлға сақтау үшін Save as new file (Жаңа файл ретінде сақтау) пәрменін белгілеп, J түймешігін басыңыз. Бастапқы бейнефильм файлын өңделген көшірмемен ауыстыру үшін Overwrite existing file (Бар файлды қайта жазу) пәрменін белгілеп, J түймешігін басыңыз.

Бейнефильмдердің кадр шеттерін кесу

Бейнефильмдердің ұзақтығы кем дегенде екі секунд болуы керек. Жад картасындағы бос орын жеткіліксіз болса, көшірме сақталмайды.

Көшірмелердің жасалу уақыты мен күні бастапқы түпнұсқамен бірдей болады.

Бастапқы және соңғы түсірілген бөлікті жою

Бейнефильмнен тек бастапқы түсірілген бөлікті жою үшін 7-қадамға 6-қадамда L (U) түймешігін баспай өтіңіз. Тек соңғы түсірілген бөлікті жою үшін 4-қадамда End point (Соңғы нүкте) параметрін таңдаңыз, соңғы кадрды таңдаңыз және 7-қадамға 6-қадамда L (U) түймешігін баспай өтіңіз.

Өңдеу мәзірі

Бейнефильмдерді өңдеу мәзіріндегі Edit movie (Бейнефильмді өңдеу) параметрін пайдаланып та өңдеуге болады (0 Edit movie (Бейнефильмді өңдеу)).

Таңдалған кадрларды сақтау

Таңдалған кадрдың көшірмесін JPEG пішіміндегі сурет ретінде сақтау үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

  1. Бейнефильмді қажет кадрда кідіртіңіз.

    Бейнефильмді «Бейнефильмдерді көру» (0 Бейнефильмдерді қарау) бөлімінде сипатталғандай ойнатыңыз, ойнатуды бастау және жалғастыру үшін J түймешігін және кідірту үшін 3 түймешігін басыңыз. Көшіргіңіз келетін кадрға келгенде бейнефильмді кідіртіңіз.

  2. Save selected frame (Таңдалған кадрды сақтау) пәрменін таңдаңыз.

    Ағымдағы кадрдың JPEG көшірмесін жасау үшін i түймешігін басыңыз, содан кейін Save selected frame (Таңдалған кадрды сақтау) пәрменін белгілеңіз және J түймешігін басыңыз (0 Кескін сапасы).

Таңдалған кадрды сақтау

Save selected frame (Таңдалған кадрды сақтау) параметрімен жасалған JPEG пішіміндегі бейнефильм суреттерін өңдеу мүмкін емес. JPEG бейнефильм суреттерінде фотосурет туралы мәліметтің кейбір санаттары болмайды (0 Фотосурет туралы мәлімет).