SnapBridge қолданбасын фотокамераны смарт құрылғыдан қашықтан басқару және фотокамерадан суреттерді жүктеу үшін пайдаланыңыз. Бұл бөлімде фотокамера мен смарт құрылғы арасында сымсыз байланыстар орнату үшін SnapBridge қолданбасын пайдалану әдісі сипатталған. Төмендегі нұсқаулар SnapBridge қолданбасының 2.0 нұсқасына қатысты; соңғы нұсқа туралы ақпаратты келесі веб-сайттан жүктеп алуға қолжетімді SnapBridge байланыс нұсқаулығы (pdf) құжатында қараңыз:

https://downloadcenter.nikonimglib.com/

Интерфейс

SnapBridge қолданбасының мәзірі () және үш қойындысы () бар.

Параметрлерді реттеу, я болмаса қолданбаның анықтамасын немесе Nikon компаниясының хабарландыруларын көру.
Негізінен фотокамераға қосылуға арналған параметрлерді реттеу.
Фотокамерадан жүктеп алынған суреттерді көру, я болмаса кескіндерді жою немесе бөлісу.
Арнайы қолданба арқылы NIKON IMAGE SPACE қоймасына қатынасу (қолданбаны орнату және Nikon ID керек).

SnapBridge туралы көбірек

Егжей-тегжейлі ақпаратты онлайн анықтамада қараңыз (жұптастыру аяқталғаннан кейін SnapBridge қолданбасының мәзірінде Help (Анықтама) тармағын таңдау арқылы онлайн анықтаманы көруге болады).

https://nikonimglib.com/snbr/onlinehelp/en/index.html