Екіден онға дейін NEF (RAW) экспозициясын бір фотосурет ретінде жазыңыз.

Бірнеше экспозицияны жасау

Тікелей көріністе бірнеше экспозицияны жазу мүмкін емес. Жалғастыру алдында тікелей көріністен шығыңыз.

Кеңейтілген жазу уақыттары

Ойнату немесе мәзір әрекеттері кезінде монитор өшсе және шамамен 30 с бойы ешбір әрекет орындалмаса, суретке түсіру аяқталады және сол кезге дейін жазылған экспозициялардан бірнеше экспозиция жасалады. Ойнату немесе мəзір əрекеттері кезінде монитор өшсе жəне шамамен 30 с бойы ешбір əрекет орындалмаса, суретке түсіру аяқталады жəне сол кезге дейін жазылған экспозициялардан бірнеше экспозиция жасалады. Келесі экспозицияны жазу үшін қолжетімді уақытты c2 (Standby timer (Күту режимінің таймері), 0 c2: Standby Timer (Күту режимінің таймері)) қолданушы параметрі үшін ұзағырақ уақыттарды таңдау арқылы ұзартуға болады.

  1. Multiple exposure (Бірнеше экспозиция) параметрін таңдаңыз.

    Фотосурет түсіру мәзірінде Multiple exposure (Бірнеше экспозиция) параметрін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.

  2. Режимді таңдаңыз.

    Multiple exposure mode (Бірнеше экспозиция режимі) режимін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз, содан кейін қалаған режимді таңдау үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз жəне таңдау үшін J түймешігін басыңыз.

    Егер On (series) (Қосулы (серия)) немесе On (single photo) (Қосулы (бір фотосурет)) таңдалса, басқару панелінде n белгішесі көрсетіледі.

  3. Түсірілімдер санын таңдаңыз.

    Number of shots (Түсірілімдер саны) параметрін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.

    Бір фотосуретті құру үшін біріктірілетін экспозициялар санын таңдау үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз жəне J түймешігін басыңыз.

    BKT түймешігі

    f1 (Custom control assignment (Қолданушы басқару тетігін тағайындау)) қолданушы параметрі > BKT button + y (BKT түймешігі + y) (0 f1: Custom Control Assignment (Қолданушы басқару тетігін тағайындау)) үшін Multiple exposure (Бірнеше экспозиция) таңдалған болса, бірнеше экспозиция режимін BKT түймешігін басып, негізгі басқару дискін айналдыру арқылы жəне түсірілімдер санын BKT түймешігін басып, қосымша басқару дискін айналдыру арқылы таңдауға болады. Режим және түсірілімдер саны басқару панелінде көрсетіледі: режимді көрсететін белгішелер Off (Өшірулі) үшін 5, On (single photo) (Қосулы (бір фотосурет)) үшін B және On (series) (Қосулы (серия)) үшін 6 болады.

  4. Үстіне қабаттау режимін таңдаңыз.

    Overlay mode (Үстіне қабаттау режимі) режимін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз, содан кейін қалаған режимді таңдау үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз жəне таңдау үшін J түймешігін басыңыз.

  5. Жекелеген экспозицияларды сақтау-сақтамауды таңдаңыз.

    Бірнеше экспозицияны құрайтын жекелеген түсірілімдерді сақтауды немесе өшіруді таңдау үшін Keep all exposures (Барлық экспозицияларды сақтау) пәрменін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз, содан кейін қалаған параметрді таңдау үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз және таңдау үшін J түймешігін басыңыз.

  6. Фотосуретті жақтауға алып, фокустаңыз және суретке түсіріңіз.

    Үздіксіз суретке түсіру режимдерінде фотокамера бір қатардағы барлық экспозицияларды жазып алады. Егер On (series) (Қосулы (серия)) параметрі таңдалған болса, ысырманы босату түймешігі басылып тұрғанда фотокамера бірнеше экспозицияны жазуды жалғастырады; On (single photo) (Қосулы (бір фотосурет)) параметрі таңдалған болса, бірнеше экспозицияны түсіру бірінші фотосуреттен кейін аяқталады. Өздігінен түсіруді реттейтін таймер режимінде c3 (Self-timer (Өздігінен түсіруді реттейтін таймер)) > Number of shots (Түсірілімдер саны) (0 c3: Self-Timer (Өздігінен түсіруді реттейтін таймер)) қолданушы параметрі үшін таңдалған параметрге қарамастан, фотокамера 3-қадамда таңдалған экспозициялар санын автоматты түрде жазады; дегенмен, түсірілімдер арасындағы аралықты c3 (Self-timer (Өздігінен түсіруді реттейтін таймер)) > Interval between shots (Түсірілімдер арасындағы аралық) қолданушы параметрі басқарады. Басқа суретке түсіру режимдерінде ысырманы босату түймешігін басқан сайын бір фотосурет түсіріледі; барлық экспозициялар жазылғанша суретке түсіруді жалғастырыңыз. Барлық фотосуреттер жазылмай тұрып бірнеше экспозицияны үзу туралы ақпаратты «Бірнеше экспозицияны аяқтау» бөлімінен қараңыз (0 Бірнеше экспозицияны аяқтау).

    Суретке түсіру аяқталғанша n белгішесі жыпылықтайды. On (series) (Қосулы (серия)) параметрі таңдалса, бірнеше экспозицияны түсіру тек бірнеше экспозиция режимі үшін Off (Өшірулі) күйі таңдалғанда аяқталады; On (single photo) (Қосулы (бір фотосурет)) параметрі таңдалса, бірнеше экспозицияны түсіру бірнеше экспозиция аяқталғанда автоматты түрде аяқталады. Бірнеше экспозицияны түсіру аяқталғанда дисплейден n белгішесі кетеді.

i түймешігін пайдалану

Төменде тізілген параметрлерге бірнеше экспозиция кезінде K түймешігін басу, содан кейін i түймешігін басу арқылы қатынасуға болады. Сенсорлық экранды пайдаланыңыз немесе мульти селекторды пайдаланып мәзірді шарлаңыз, элементтерді белгілеу үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз және таңдау үшін J түймешігін басыңыз.

  • View progress (Орындалу барысын көру): ағымдағы сəтке дейін жазылған экспозициялардан жасалған алдын-ала қарауды көру.
  • Retake last exposure (Соңғы экспозицияны қайта түсіру): соңғы экспозицияны қайта түсіру.
  • Save and exit (Сақтау жəне шығу): ағымдағы сəтке дейін жазалған экспозициялардан бірнеше экспозицияны жасау.
  • Discard and exit (Жою жəне шығу): бірнеше экспозицияны жазусыз шығу. Keep all exposures (Барлық экспозицияларды сақтау) параметрі үшін On (Қосулы) күйі таңдалған болса, жеке экспозициялар сақталады.

i түймешігі

Бірнеше экспозицияны аяқтау

Көрсетілген экспозициялар саны түсірілмей тұрып бірнеше экспозицияны аяқтау үшін бірнеше экспозиция режимі үшін Off (Өшірулі) күйін таңдаңыз немесе K түймешігін, содан кейін i түймешігін басыңыз және Save and exit (Сақтау және шығу) немесе Discard and exit (Жою және шығу) пәрменін таңдаңыз. Көрсетілген экспозициялар саны түсірілгенше суретке түсіру аяқталса немесе Save and exit (Сақтау және шығу) пәрменін таңдасаңыз, бірнеше экспозиция сол сәтке дейін жазылған экспозициялардан жасалады. Overlay mode (Үстіне қабаттау режимі) үшін Average (Орташа) мәні таңдалған болса, күшею іс жүзінде жазылған экспозициялар санын көрсету үшін реттеледі. Суретке түсіру келесі жағдайларда автоматты түрде аяқталатынын ескеріңіз:

  • Екі түймешікпен қалпына келтіру орындалғанда
  • Фотокамера өшкенде
  • Батарея таусылғанда

Multiple Exposure (Бірнеше экспозиция)

Бірнеше экспозицияға бұрмалану (кездейсоқ орналасқан жарық нүктелер, түстердің әркелкілігі немесе сызықтар) әсер етуі мүмкін.

Бірнеше экспозицияны жазу кезінде жад картасын алмаңыз немесе ауыстырмаңыз.

Суретке түсіру орындалып жатқанда тікелей көрініс қолжетімді емес. Тікелей көріністі таңдағанда Multiple exposure mode (Бірнеше экспозиция режимі) параметрі Off (Өшірулі) күйіне ысырылады.

Фотосурет туралы мәліметті қарау дисплейінде көрсетілген түсірілім мәліметі (соның ішінде өлшеу, экспозиция, суретке түсіру режимі, фокустық қашықтық, жазу күні мен уақыты, әрі фотокамераның бағдары) бірнеше экспозициядағы бірінші түсірілімге арналған.

Interval Timer Photography (Аралықты реттейтін таймер арқылы фотосурет түсіру)

Егер аралықты реттейтін таймер арқылы фотосурет түсіру бірінші экспозиция түсірілмей тұрып белсендірілсе, фотокамера бірнеше экспозиция мәзірінде көрсетілген экспозициялар саны (аралықты реттейтін таймер арқылы түсіру мәзірінде көрсетілген түсірілімдер саны еленбейді) түсірілгенше экспозицияларды жазады. Содан кейін бұл экспозициялар бір фотосурет түрінде жазылады және аралықты реттейтін таймер арқылы түсіру аяқталады (бірнеше экспозиция режимі үшін On (single photo) (Бір (бір фотосурет)) таңдалса, бұл жағдайда да бірнеше экспозиция түсіру автоматты түрде аяқталады).

Басқа параметрлер

Бірнеше экспозиция түсіріліп жатқанда жад карталарын пішімдеу мүмкін емес және кейбір мәзір элементтері сұр болады, әрі оларды өзгерту мүмкін болмайды.

C Фотосурет түсіру мәзірі: суретке түсіру параметрлері