Суреттерді жасыру немесе көрсету. Жасырын суреттерді тек Hide image (Кескінді жасыру) мәзірінде көруге болады және жад картасын пішімдеу арқылы өшіруге болады.

Қорғалған және жасырын кескіндер

Қорғалған кескінді көрсеткенде кескіннің қорғауы да алынады.

Таңдалған суреттерді жасыру немесе көрсету үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.

  1. Select/set (Таңдау/орнату) пәрменін таңдаңыз.

    Select/set (Таңдау/орнату) пәрменін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.

  2. Суреттерді таңдаңыз.

    Жад картасындағы суреттерді жүгірту үшін мульти селекторды пайдаланыңыз (белгіленген суреттерді толық экранда көру үшін X/T түймешігін басып, ұстап тұрыңыз) және ағымдағы суретті таңдау үшін W (Z) түймешігін басыңыз. Таңдалған суреттер R белгішесімен белгіленеді; суреттен таңдауды алу үшін белгілеп, W (Z) түймешігін қайтадан басыңыз. Барлық қажетті суреттер таңдалғанға дейін жалғастыра беріңіз.

    W (Z) түймешігі

  3. J түймешігін басыңыз.

    Әрекетті аяқтау үшін J түймешігін басыңыз.