Тікелей көрініс режимінде немесе бейнефильмді жазу кезінде флюоресцентті немесе сынап газ разрядты шам жарығы астында түсірген кезде жыпылықтау мен жолақтануды азайтады. Фотокамераға дұрыс жиілікті автоматты түрде таңдауға рұқсат ету үшін Auto (Автоматты) параметрін таңдаңыз немесе жиілікті жергілікті айнымалы ток көзінің жиілігіне қолмен сәйкестендіріңіз.

Бейнефильм түсіру мәзірінде жыпылықтауды азайту

Егер Auto (Авто) қажетті нәтижелерді бермесе және егер жергілікті қуат көзінің жиілігін білмесеңіз, 50 және 60 Гц параметрлерінің екеуін де тексеріп, ең жақсы нәтижелерді беретінін таңдаңыз. Нысан тым жарық болса, жыпылықтауды азайту қалаған нәтижелерді бермеуі мүмкін, бұл жағдайда кішірек апертураны (жоғарырақ f саны) таңдаған жөн болады. Жыпылықтауды болдырмау үшін M режимін таңдаңыз жəне жергілікті қуат көзінің жиілігіне бейімделген ысырма жылдамдығын таңдаңыз: 60 Гц үшін 1/125 с, 1/60 с немесе 1/30 с; 50 Гц үшін 1/100 с, 1/50 с немесе 1/25 с.