Көріністапқышпен фотосурет түсіру үшін AF-S таңдалғанда бұл параметр фотосуреттерді тек фотокамера фокусталғанда (фокус басымдығы) немесе ысырманы босату түймешігін басқанда (босату басымдығы) түсіруге болатынын басқарады.

Таңдалған параметрге қарамастан, автофокус режимі үшін AF-S таңдалғанда фокустау күйінің индикаторы (I) көрсетілсе, ысырманы босату түймешігі жартылай басулы кезде фокус құлыпталады. Фокустау құлпы ысырманы босатқанша жалғасады.

A Қолданушы параметрлері: фотокамера параметрлерін дәл реттеу

a: Autofocus (Автофокус)

b: Metering/exposure (Өлшеу/экспозиция)

c: Timers/AE lock (Таймерлер/АЭ құлпы)

d: Shooting/display (Суретке түсіру/дисплей)

e: Bracketing/flash (Брекетинг/жарқыл)

f: Controls (Басқару тетіктері)

g: Movie (Бейнефильм)