Бұл параметр жарқыл беретін «қызыл көз әсерін» түзету үшін пайдаланылады және жарқыл арқылы түсірілген фотосуреттерде ғана қолжетімді болады. Қызыл көз әсерін түзету үшін таңдалған фотосуретті өңдеу дисплейінде алдын ала қарауға болады. Қызыл көз әсерін түзету әсерлерін растап, көшірме жасау үшін J түймешігін басыңыз. Қызыл көз әсерін түзетудің үнемі күтілетін нәтижелерді бермеуі және қызыл көз әсері тимеген кескін бөліктеріне өте сирек жағдайларда қолданылуы мүмкін екенін ескеріңіз; жалғастырмас бұрын алдын-ала қарауды мұқият тексеріңіз.