Сыртқы бұрмалануы азайтылған көшірмелерді жасаңыз. Фотокамераға бұрмалануды автоматты түрде түзетуге мүмкіндік беру, содан кейін мульти селекторды пайдаланып реттеулер жасау үшін Auto (Авто) параметрін таңдаңыз немесе бұрмалануды қолмен азайту үшін Manual (Қолмен) параметрін таңдаңыз. Бұрмалануды автоматты басқаруды пайдаланып түсірілген фотосуреттерде Auto (Авто) параметрі қолжетімсіз екенін ескеріңіз; «Бұрмалануды автоматты басқару» бөлімін қараңыз (0 Auto Distortion Control (Бұрмалануды автоматты басқару)). Бөшке іспеттес бұрмалануды азайту үшін 2 түймешігін басыңыз, жастық іспетті бұрмалануды азайту үшін 4 түймешігін басыңыз (әсерді өңдеу дисплейінде алдын ала қарауға болады; бұрмалануды басқарудың көбірек мөлшері жиектердің көбірек кесілуіне әкелетінін ескеріңіз). Өңделген көшірмені сақтау үшін J түймешігін басыңыз.

Auto (Авто)

Auto (Авто) параметрі тек G, Е және D түріне жататын объективтермен түсірілген суреттер үшін пайдалануға арналған (PC, балық көзі түріндегі объектив және кейбір қосылмаған объективтер). Басқа объективтерді пайдаланғанда жақсы нәтижелерге кепілдік берілмейді.