Өңделген көшірмелерді бастапқы фотосуреттермен салыстырыңыз. Бұл параметр көшірме немесе түпнұсқа толық өлшемде қаралғанда i түймешігін басу және Retouch (Өңдеу) пәрменін таңдау арқылы өңдеу мәзірі көрсетілгенде ғана қолжетімді болады.

  1. Суретті таңдаңыз.

    Өңделген көшірмені (Z белгішесі арқылы көрсетіледі) толық өлшемде қарау режимінде өңделген фотосуретті таңдаңыз. i түймешігін басыңыз, содан кейін Retouch (Өңдеу) пәрменін белгілеңіз және J түймешігін басыңыз.

  2. Side-by-side comparison (Қатар қойып салыстыру) пәрменін таңдаңыз.

    Side-by-side comparison (Қатар қойып салыстыру) пәрменін белгілеп, J түймешігін басыңыз.

  3. Көшірмені бастапқы суретпен салыстырыңыз.

    Бастапқы кескін сол жақта, өңделген көшірме оң жақта, ал көшірме жасау үшін пайдаланылған параметрлер дисплейдің жоғарғы жағында көрсетіледі. Бастапқы кескін және өңделген көшірме арасында ауысу үшін 4 немесе 2 түймешігін басыңыз. Белгіленген суретті толық өлшемде қарау үшін X (T) түймешігін басып, ұстап тұрыңыз. Егер көшірме Image overlay (Кескін үстіне қабаттау) параметрін пайдаланып екі бастапқы кескіннен жасалса немесе түпнұсқа бірнеше рет көшірілсе, басқа бастапқы кескінді көру үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз. Қарау режиміне шығу үшін K түймешігін басыңыз немесе бе лгіленген кескінді таңдап, қарау режиміне шығу үшін J түймешігін басыңыз.

    1 Көшірме жасау үшін қолданылатын параметрлер
    2 Бастапқы кескін
    3 Өңделген көшірме

Side-by-Side Comparison (Қатар қойып салыстыру)

Көшірме қорғалған, я болмаса жойылған немесе жасырылған фотосуреттен жасалған болса, бастапқы кескін көрсетілмейді (0 Hide Image (Кескінді жасыру)).