Кең бұрышты объективтер арқылы түсірілген фотосуреттердегі бөшке іспеттес бұрмалануды азайту және ұзын объективтер арқылы түсірілген фотосуреттердегі жастық іспетті бұрмалануды азайту үшін On (Қосулы) күйін таңдаңыз (көріністапқышта көрініп тұратын аумақ жиектерінің ақырғы фотосуретте кесілген күйде болуы және жазудан бұрын фотосуреттерді өңдеуге қажетті уақыттың көбеюі мүмкін екенін ескеріңіз). Бұл параметр бейнефильмдерге қолданылмайды және G, E және D түріндегі объективтерде ғана қолжетімді (PC, балық көзі түріндегі объектив және кейбір қосылмаған басқа объективтер); басқа объективтерді пайдаланған кезде нәтижелерге кепілдік берілмейді.

Өңдеу: бұрмалануды басқару

Бөшке іспеттес бұрмалануды және жастық іспетті бұрмалануды азайтып бар фотосуреттердің көшірмелерін жасау туралы ақпаратты «Бұрмалануды басқару» (0 Distortion Control (Бұрмалануды басқару)) бөлімінде қараңыз.

C Фотосурет түсіру мәзірі: суретке түсіру параметрлері