Қолданушы тарапынан реттелетін Picture Control режимдерін жасаңыз.

Қолданушы тарапынан реттелетін Picture Control режимдерін жасау

Фотокамерамен бірге қамтамасыз етілген Picture Control режимдерін өзгертуге және қолданушы тарапынан реттелетін Picture Control режимдері ретінде сақтауға болады.

  1. Save/edit (Сақтау/өңдеу) пәрменін таңдаңыз.

    Save/edit (Сақтау/өңдеу) пәрменін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.

  2. Picture Control режимін таңдаңыз.

    Бар Picture Control режимін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз немесе белгіленген Picture Control режимінің көшірмесін қосымша өзгертусіз сақтау үшін 4-қадамға өту үшін J түймешігін басыңыз.

  3. Таңдалған Picture Control режимін өңдеңіз.

    Барлық өзгертулерден бас тарту және әдепкі параметрлермен қайта бастау үшін O (Q) түймешігін басыңыз. Параметрлерді орнатуды аяқтағанда J түймешігін басыңыз.

  4. Межелі орынды таңдаңыз.

    Қолданушы тарапынан реттелетін Picture Control (C-1 және C-9 аралығында) үшін межелі орынды таңдап, 2 түймешігін басыңыз.

  5. Picture Control режиміне атау беріңіз.

    Мәтін енгізу тілқатысу терезесі көрсетіледі. Әдепкі бойынша, жаңа Picture Control режимдеріне бар Picture Control атауына екі цифрлық санды (автоматты түрде белгіленеді) қосу арқылы атау беріледі; басқа атауды таңдау үшін Picture Control режимін «Мәтін енгізу» бөлімінде сипатталғандай қайта атаңыз (0 Мәтін енгізу). Жоғарғы регистр, төменгі регистр және таңбалық пернетақталар арасында ауысу үшін пернетақтаны таңдау түймешігін нұқыңыз. Қолданушы тарапынан реттелетін Picture Control режимдерінің атаулары он тоғыз таңбаға дейін бола алады. Он тоғызыншыдан кейінгі барлық таңбалар жойылады.

    Атау аумағы

    Пернетақта аумағы Пернетақтаны таңдау

Қолданушы тарапынан реттелетін Picture Control параметрлері

Қолданушы тарапынан реттелетін Picture Control режимдерінде қолжетімді параметрлер қолданушы тарапынан реттелетін Picture Control негізделгендермен бірдей болады.

Бастапқы Picture Control белгішесі

Қолданушы тарапынан реттелетін Picture Control негізделген бастапқы алдын-ала енгізілген Picture Control режимі өңдеу дисплейінің жоғарғы оң жақ бұрышындағы белгіше арқылы көрсетіледі.

Бастапқы Picture Control белгішесі

C Фотосурет түсіру мәзірі: суретке түсіру параметрлері