Егер On (Қосулы) күйі таңдалса, 1 с-тан баяуырақ ысырма жылдамдықтарында түсірілген фотосуреттер бұрмалануды (жарық нүктелер немесе түстердің әркелкілігі) азайту үшін өңделеді. Өңдеу үшін қажетті уақыт шамамен екі есе көбееді; өңдеу кезінде ысырма жылдамдығы/апертура дисплейлерінде «l m» жыпылықтайды және суреттер түсіру мүмкін болмайды (егер өңдеу аяқталғанша фотокамера өшірілсе, сурет сақталады, бірақ бұрмалануды азайту орындалмайды). Үздіксіз суретке түсіру режимінде кадр жылдамдықтары баяулайды және фотосуреттер өңделіп жатқан кезде жад буферінің сыйымдылығы азаяды.

C Фотосурет түсіру мәзірі: суретке түсіру параметрлері