«Виньеттеу» — фотосуреттің жиектеріндегі жарықтықтың азаюы. Vignette control (Виньеттеуді басқару) G, E және D түріндегі объективтер үшін (PC объективтерін қоспағанда) виньеттеуді азайтады. Оның әсерлері объектив түріне қарай әр түрлі болады және әсіресе максималды апертурада ерекше байқалады. High (Жоғары), Normal (Қалыпты), Low (Төмен) және Off (Өшірулі) параметрлерінің арасынан таңдаңыз.

Виньеттеуді басқару

Көрініске, суретке түсіру жағдайларына және объектив түріне байланысты, JPEG пішіміндегі кескіндерде бұрмалану (түстердің әркелкілігі) немесе перифериялық жарықтықтың ауытқулары болуы мүмкін, ал әдепкі параметрлерден өзгертілген қолданушы тарапынан реттелетін Picture Control режимдері және алдын-ала орнатылған Picture Control режимдері қалаған әсерді бермеуі мүмкін. Сынақ түсірілімдер жасап, нәтижелерді мониторда көріңіз. Виньеттеуді басқару бейнефильмдерге немесе бірнеше экспозицияға қолданылмайды.

C Фотосурет түсіру мәзірі: суретке түсіру параметрлері