Көріністапқыш арқылы фотосурет түсіру кезінде флюоресцентті немесе сынап газ разрядты шамдар сияқты жарық көздерінің жыпылықтауы тудыратын жолақтануды немесе (үздіксіз суретке түсіру режимдерінде түсірілген фотосуреттерде) біркелкі емес экспозицияны немесе түстерді азайтады.

Фотосурет түсіру мәзірінде жыпылықтауды азайту

Қосымша фотосуреттерді түсіру алдында сынақ сурет түсіріп, нәтижелерді көріңіз. Жыпылықтауды азайту жыпылықтауды 100 және 120 Гц жиіліктерінде (сәйкесінше 50 және 60 Гц айнымалы ток қуат көздерімен байланысты) анықтай алады. Күңгірт фондарда, ашық жарық көздерінде немесе декорациялық жарықтандыру дисплейлерінде және басқа стандартты емес жарықтандыруда жыпылықтау анықталмауы немесе қалаған нәтижелерге қол жетпеуі мүмкін. Жарық көзіне байланысты ысырма босатылуы алдында азғантай кешігу болуы мүмкін. Қатарынан түсіру режимі кезінде кадр жылдамдығы баяулауы немесе қате болуы мүмкін; бұған қоса, суретке түсіру кезінде қуат көзінің жиілігі өзгерсе, қалаған нәтижелерге қол жетпеуі мүмкін.

1/100 с-тан баяуырақ ысырма жылдамдықтарында (соның ішінде «Қолмен басылу» жəне «Уақыт» режимдерінде), суретке түсіру режимі ретінде MUP таңдалғанда немесе экспозицияны кешіктіру режимі қосулы кезде жыпылықтауды анықтау қолданылмайды. Жыпылықтауды анықтау жарқылмен фотосурет түсіру кезінде қолжетімді, бірақ оны қашықтағы сымсыз жарқыл бөліктерінде пайдалану мүмкін емес.

C Фотосурет түсіру мәзірі: суретке түсіру параметрлері