Батареяны зарядтау
Ашалы адаптер жинақпен бірге келсе, қабырғадағы розеткаға тығылатын ашаны көтеріп, ашалы адаптерді төменде сол жақта көрсетілгендей жалғап, ашаның толық салынғанына көз жеткізіңіз. Батареяны салып, зарядтау құрылғысын розеткаға қосыңыз. Заряды таусылған батарея шамамен бір сағат 50 минутта толығымен зарядталады.
Батарея зарядталып жатқанда CHARGE (ЗАРЯДТАУ) шамы жыпылықтайды.
Батарея және зарядтау құрылғысы
«Қауіпсіздік шаралары» (0 Қауіпсіздік шаралары) және «Фотокамераны және батареяны күту: сақтық ескертулер» (0 Фотокамераны және батареяны күту: сақтық ескертулер) бөлімдеріндегі ескертулер мен сақтық ескертулерді оқып, сақтаңыз.