Өңдеу мәзірін көрсету үшін G түймешігін басыңыз және N (өңдеу мәзірі) қойындысын таңдаңыз.

G түймешігі

 

 

Өңдеу мәзірінің параметрлері

Өңдеу мәзіріндегі параметрлер бар суреттердің кадр шеттері кесілген немесе өңделген көшірмелерін жасау үшін пайдаланылады. Өңдеу мәзірі фотокамераға фотосуреттерді қамтитын жад картасы салынған кезде ғана көрсетіледі.

Өңделген кескін немесе бастапқы кескін толық өлшемде қарау режимінде көрсетілген кезде P түймешігін басу және Retouch (Өңдеу) пәрменін таңдау арқылы өңдеу мәзірі көрсетілгенде ғана қол жетімді.

Өңделген көшірмелер жасау

Өңделген көшірме жасау үшін:

  1. Өңдеу параметрлерін көрсетіңіз.

    Өңдеу мәзіріндегі қажет элементті белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.

  2. Суретті таңдаңыз.

    Фотосуретті белгілеңіз және J түймешігін басыңыз (белгіленген фотосуретті толық өлшемде көру үшін X түймешігін басып, ұстап тұрыңыз).

    Retouch (Өңдеу)

    Фотокамера өзге құрылғылардың көмегімен жасалған кескіндерді көрсете немесе өңдей алмауы мүмкін. Егер кескін NEF (RAW) + JPEG (0 Image Quality (Кескін сапасы)) кескін сапасы параметрлерімен жазылған болса, өңдеу параметрлері тек RAW пішіміндегі көшірмеге қолданылады.

  3. Өңдеу параметрлерін таңдаңыз.

    Қосымша ақпарат алу үшін таңдалған элементке арналған бөлімді қараңыз. Өңделген көшірмені жасамастан шығу үшін G түймешігін басыңыз.

  4. Өңделген көшірме жасаңыз.

    Өңделген көшірме жасау үшін J түймешігін басыңыз. Фотосурет туралы мәліметтің «тек кескін» бетін қоспағанда (0 Photo Information (Фотосурет туралы мәлімет)), өңделген көшірмелер Z белгішесімен көрсетіледі.

Өңделген көшірмелерді қарау кезінде жасау

Қазіргі уақытта толық өлшемде қарау режимінде көрсетіліп тұрған суреттің өңделген көшірмесін жасау үшін (0 Full-Frame Playback (Толық өлшемде қарау)) P түймешігін басыңыз, содан кейін Retouch (Өңдеу) пәрменін белгілеңіз және 2 түймешігін басыңыз, сөйтіп өңдеу параметрін (Image overlay (Кескін үстіне қабаттау) параметрі кірмейді) таңдаңыз.

Көшірмелерді өңдеу

Параметрлердің көпшілігін басқа өңдеу параметрлерін пайдаланып жасалған көшірмелерге қолдануға болады, дегенмен Image overlay (Кескін үстіне қабаттау) және Edit movie (Бейнефильмді өңдеу) > Choose start/end point (Бастапқы/соңғы нүктені таңдау) параметрлерінен басқа параметрлерді тек бір рет қолдануға болады (бірнеше мәрте өңдеу нәтижесінде кішігірім элементтердің жоғалуы мүмкін екенін ескеріңіз). Ағымдағы кескінге қолданылуы мүмкін емес параметрлер сұр түске боялады және қол жетімді болмайды.

Кескін сапасы мен өлшемі

NEF (RAW) processing (NEF (RAW) өңдеу), Trim (Кадр шеттерін кесу) және Resize (Өлшемін өзгерту) арқылы жасалған көшірмелер жағдайын қоспағанда, көшірмелердің өлшемі түпнұсқамен бірдей болады. JPEG пішіміндегі кескіндерден жасалған өлшемі өзгертілегн немесе кесілген көшірмелердің сапасы түпнұсқамен бірдей болады, ал NEF (RAW) пішіміндегі кескіндерден жасалған көшірмеден JPEG сапалы пішімінде сақталады.