Төменде кейбір жиі кездесетін мәселелердің шешімдері тізілген.

Батарея/Дисплей


Фотокамерақ осулы, бірақ жауап бермейді: жазудың аяқталуын күтіңіз. Егер мәселе қайталанса, фотокамераны өшіріңіз. Егер фотокамера өшірілмесе, батареяны шығарып, қайта салыңыз немесе егер айнымалы ток адаптерін пайдалансаңыз, айнымалы ток адаптерін ажыратып, қайта қосыңыз. Ағымдағы кез келген жазылып жатқан деректер жоғалатынын ескеріңіз, жазылып болған деректерге қуат көзін ажырату әсер етпейді.


Фотокамераның өшуіне уақыт кетеді: фотокамера кескін сенсорын тексеруді орындауда. Фотокамера өшкенше батареяны шығармаңыз немесе айнымалы ток адаптерін ажыратпаңыз.


Көріністапқыш фокусталмаған: көріністапқыш фокусын реттеңіз (0 Көріністапқышты фокустау). Егер бұл мәселені шешпесе, әр кадр бойынша бақылағыш автофокустауды (AF-S; 0 Focus Mode (Фокустау режимі)), жалғыз нүктелі АФ (c; 0 AF-Area Mode (АФ аумағының режимі)) және ортадағы фокустау нүктесін таңдаңыз, содан кейін жоғары контрастты нысанды ортадағы фокустау нүктесінде жақтауға алып, фотокамераны фокустау үшін ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз. Фотокамера фокуста болған кезде, нысанды көріністапқышта фокусқа анық түрде алу үшін диоптрияны реттеу тетігін пайдаланыңыз. Қажет болса, көріністапқыш фокусын қосымша түзеткіш объективтер көмегімен әрі қарай реттеуге болады (0 Көріністапқыш окулярының керек-жарақтары).


Дисплейлер ескертусіз өшеді: Auto off timers (Автоматты өшу таймерлері) (0 Auto off Timers (Автоматты өшу таймерлері)) үішн кешігулерді таңдаңыз.


Ақпараттық дисплей мониторда көрінбедйі: ысырманы босату түймешігі жартылай басылған. Егер саусақты ысырманы босату түймешігінен алған кезде ақпараттық дисплей пайда болмаса, Auto info display (Автоматты ақпараттық дисплей) (0 Auto Info Display (Автоматты ақпараттық дисплей)) үшін On (Қосулы) күйі таңдалғанын және батареяның зарядталғанын тексеріңіз.


Көріністапқыш дисплейі жауап бермейді және күңгірт: бұл дисплейдің жауап уақыттары және жарықтығы температураға қарай өзгеріп отырады.


Фокустау нүктелері белгіленгенде көріністапқыш дисплей қызыл түске боялады: бұл осы көріністапқыш түрі үшін қалыпты және ақаулықты көрсетпейді.


Суретке түсіру (барлық режимдер)


Фотокамераның қосылуына уақыт кетеді: файлдарды немесе қалталарды өшіріңіз.


Ысырманы босату өшірілген:


Үздіксіз суретке түсіру режимінде ысырманы босату түймешігін басқан сайын тек бір сурет түсіріледі: кірістірілген жарқыл жанса, үздіксіз суретке түсіру қолжетімді емес (0 Кірістірілген жарқыл, Кірістірілген жарқылды пайдалану).


Түпкілікті фотосурет көріністапқышта көрсетілген аумақтан үлкенірек: көріністапқыштың көлденең және тік кадр ауқымы шамамен 95%.


Фотосуреттер фокустан тыс аумақта:


Ысырманы босату түймешігін жартылай басқанда фокус құлыпталмайды: тікелей көрініс өшірулі кезде және AF-C фокустау режимі таңдалғанда немесе AF-A режимінде қозғалатын нысандардың фотосуретін түсіріп жатқанда фокусты құлыптау үшін A (L) түймешігін пайдаланыңыз (0 Focus Lock (Фокустау құлпы)).


Фокустау нүктесін таңдау мүмкін емес:


АФ аумағының режимін таңдау мүмкін емес: қолмен реттелетін фокус таңдалған (0 Focus Mode (Фокустау режимі), Manual Focus (Қолмен реттелетін фокус)).


АФ қосымша шамы мына жағдайларда жанбайды:


Кескін өлшемін өзгерту мүмкін емес: Image quality (Кескін сапасы) параметрі NEF (RAW) мәніне орнатылған (0 NEF (RAW) пішіміндегі кескіндер).


Фотокамера фотосуреттерді баяу жазады:

  • Суретке түсіру жағдайларына және жад картасының өнімділігіне байланысты үздіксіз суретке түсіру режимінде суретке түсіру аяқталғаннан кейін жад картасына қатынасу шамы шамамен бір минут бойы жануы мүмкін.
  • Бұрмалануды азайтуды өшіріңіз (0 Noise Reduction (Бұрмалануды азайту)).

Фотосуреттерде бұрмалану (жарық нүктелер, кездейсоқ орналасқан жарық нүктелер, түстердің әркелкілігі немесе сызықтар) пайда болады:

  • Жарық нүктелерді, кездейсоқ орналасқан жарық нүктелерді, түстердің әркелкілігін және сызықтарды ISO сезімталдықты төмендету арқылы азайтуға болады.
  • 1 секундтан баяуырақ ысырма жылдамдықтарында түсірілген фотосуреттерде жарық нүктелердің немесе түстердің әркелкілігінің орын алуын шектеу үшін суретке түсіру мәзіріндегі Noise reduction (Бұрмалануды азайту) параметрін пайдаланыңыз (0 Noise Reduction (Бұрмалануды азайту)).
  • Түстердің әркелкілігі және жарық нүктелер фотокамераның ішкі температурасы қоршаған ортаның жоғары температураларына, ұзақ экспозицияларға немесе ұқсас себептерге байланысты көтерілгенін көрсетуі мүмкін: суретке түсіруді жалғастыру алдында фотокамераны өшіріп, салқындауын күтіңіз.
  • Жоғары ISO сезімталдықтарында кейбір қосымша жырқыл бөліктерімен түсірілген фотосуреттерде сызықтар пайда болуы мүмкін; егер бұл орын алса, төменірек мәнді таңдаңыз.
  • Жоғары ISO сезімталдықтарында, соның ішінде, ISO сезімталдықты автоматты түрде басқару арқылы таңдалған жоғары мәндерде кездейсоқ орналасқан жарық нүктелерді Noise reduction (Бұрмалануды азайту) параметрін қосу арқылы азайтуға болады (0 Noise Reduction (Бұрмалануды азайту)).
  • Жоғары ISO сезімталдықтарында жарық нүктелер, кездейсоқ орналасқан жарық нүктелер, түстердің әркелкілігі немесе сызықтар ұзақ экспозицияларда және қоршаған ортаның жоғары температураларында немесе Қосылған D-Lighting қосылып, Set Picture Control (Picture Control режимін орнату) үшін Flat (Пәтер) таңдалып (0 Picture Control режимдері) немесе Picture Control параметрлері үшін шекті мәндер (0 Picture Control режимінің параметрлері) таңдалып түсірілген фотосуреттерде көбірек байқалуы мүмкін.
  • % режимінде кездейсоқ орналасқан жарық нүктелер, түстердің әркелкілігі немесе сызықтар төмен жарықта түсірілген суреттерде көбірек байқалуы мүмкін.

Дыбыстық сигнал шықпайды:


Фотосуреттерде дақтар пайда боалды: алдыңғы және артқы объектив элементтерін тазалаңыз. Егер мәселе жалғасса, сенсорды қолмен тазалаңыз (0 Кескін сенсорын тазалау) немесе Nikon компаниясының қызмет көрсету өкіліне хабарласыңыз.


Фотосуреттерде күн көрсетілмейді: кескін сапасы үшін NEF (RAW) параметрі таңдалған (0 NEF (RAW) Images (NEF (RAW) пішіміндегі кескіндер), Date Stamp (Күн белгісі)).


Бейнефильмдерде дыбыс жазылмайды: Movie settings (Бейнефильм параметрлері) > Microphone (Микрофон) (0 Microphone (Микрофон)) үшін Microphone off (Микрофон өшірулі) мәні таңдалған.


Тікелей көрініс күтпеген жерден аяқталады немесе басталмайды: мына жағдайларда фотокамераның ішкі тізбектерінің зақымдалуын болдырмау үшін тікелей көрініс автоматты түрде аяқталуы мүмкін:

  • Қоршаған орта температурасы жоғары
  • Фотокамера ұзақ уақыт бойы тікелей көрініс режимінде немесе бейнефильмдерді жазу үшін пайдаланылған
  • Фотокамера ұзақ уақыт бойы үздіксіз түсіру режимдерінде пайдаланылған

Егер тікелей көріністі іске қосу әрекеті кезінде тікелей көрініс іске қосылмаса, ішкі схемалардың салқындауын күтіңіз және әрекетті қайталаңыз. Фотокамера тигенде жылы сезілуі мүмкін екенін, бірақ бұл ақаулықты білдірмейтінін ескеріңіз.


Тікелей көрініс кезінде кескін бұрмаланулары пайда болады: тікелей көрініс кезінде объективтегі көріністі ұлғайтсаңыз (0 Live View Zoom Preview (Тікелей көрініс масштабтауын алдын ала қарау)), бұрмалану (кездейсоқ орналасқан жарық нүктелер, түстердің әркелкілігі немесе сызықтар) пайда болуы мүмкін; бейнефильмдерде кездейсоқ орналасқан жарық нүктелердің, түстердің әркелкілігінің және жарық нүктелердің мөлшеріне және үлестіріміне кадр өлшемі және жылдамдығы әсер етеді (0 Movie Settings (Бейнефильм параметрлері)). Сондай-ақ, кездейсоқ орналасқан жарық нүктелер, түстердің әркелкілігі немесе жарық нүктелер тікелей көрініс кезінде фотокамераның ішкі тізбектерінің температурасының артуларының нәтижесінде пайда болуы мүмкін; фотокамера пайдаланылмаған кезде тікелей көріністен шығыңыз.


Тікелей көрініс немесе бейнефильм жазу кезінде жыпылықтау немесе жолақтар пайда болады: Flicker reduction (Жыпылықтауды азайту) үшін жергілікті айнымалы тоқ қуат көзіне сай параметрді таңдаңыз (0 Flicker Reduction (Жыпылықтауды азайту)).


Тікелей көрініс немесе бейнефильм жазу кезінде ашық түсті жолақтар пайда болады: тікелей көрініс немесе бейнефильм жазу кезінде жыпылықтайтын белгі, жарқыл немесе ұзақтығы қысқа басқа жарық көзі пайдаланылған.


Мәзір элементін таңдау мүмкін емес: кейбір параметрлер кейбір режимдерде қолжетімді емес.


Суретке түсіру (P, S, A, M)


Ысырманы босату өшірілген:


Ысырма жылдамдықтарының толық ауқымын пайдалану мүмкін емес:


Қалаған апертураны таңдау мүмкін емес: қолжетімді апертуралардың ауқымы пайдаланылатын объективке қарай өзгеріп отырады.


Түстер табиғи емес:


Ақ түс балансын өлшеу мүмкін емес: нысан тым күңгірт немесе тым жарық (0 Алдын-ала енгізілген ақ түс балансының мәнін өлшеу).


Кескінді алдын-ала енгізілген ақ түс балансы үшін көз ретінде таңдау мүмкін емес: кескін D3500 арқылы жасалмаған (0 Фотосуреттен ақ түс балансын көшіру).


Picture Control режимінің әсерлері әр кескінде әртүрлі болады: анық ету, анықтық, контраст немесе қанығуы үшін A (автоматты) таңдалған. Қатарынан түсірілетін бірнеше фотосуретте бірдей нәтижелерге қол жеткізу үшін басқа параметрді таңдаңыз (0 Picture Control параметрлері).


Өлшеуді өзгерту мүмкін емес: автоэкспозиция құлпы қосылған (0 Autoexposure Lock (Автоэкспозиция құлпы)).


Экспозиция түзетілімін пайдалану мүмкін емес: фотокамера M режимінде. Басқа режимді таңдаңыз (0 P, S, A және M режимдері, Exposure Compensation (Экспозиция түзетілімі)).


Ұзақ экспозицияларда бұрмалану (қызылдау аумақтар немесе басқа бұрмаланулар) пайда болады: бұрмалануды азайтуды қосыңыз (0 Noise Reduction (Бұрмалануды азайту)).


Қарау


NEF (RAW) пішіміндегі кескін қаралмайды: фотосурет NEF (RAW)+JPEG (0 NEF (RAW) + JPEG) кескін сапасында түсірілген.


Басқа фотокамералармен жазылған суреттерді көру мүмкін емес: фотокамераның басқа маркаларымен жазылған суреттер дұрыс көрсетілмеуі мүмкін.


Қарау кезінде кейбір суреттер көрсетілмейді: Playback folder (Ойнату қалтасы) (0 Playback Folder (Ойнату қалтасы)) үшін All (Барлығы) мәнін таңдаңыз.


«Тік» (портреттік) бағыттағы суреттер «кең» (пейзаждық) бағытта көрсетіледі:


Суретті өшіру мүмкін емес:


Суретті өңдеу мүмкін емес: бұл фотокамерамен фотосуретті одан әрі өңдеу мүмкін емес (0 Өңделген көшірмелер жасау).


Фотосуретті басып шығару үшін таңдау мүмкін емес: фотосурет NEF (RAW) пішімінде. Фотосуреттерді компьютерге тасымалдап, Capture NX-D бағдарламасын пайдаланып басып шығарыңыз (0 Capture NX-D). NEF (RAW) пішіміндегі фотосуреттерді NEF (RAW) processing (NEF (RAW) өңдеу) параметрін пайдаланып JPEG пішімінде сақтауға болады (0 NEF (RAW) Processing (NEF (RAW) өңдеу)).


Сурет теледидарда көрсетілмейді: HDMI (0 Суреттерді теледидарда көру) кабелі дұрыс қосылмаған.


Фотокамера HDMI-CEC теледидарының қашықтан басқару пультіне жауап бермейді:


Фотосуреттерді компьютерге тасымалдау мүмкін емес: операциялық жүйе фотокамераның немесе тасымалдау бағдарламалық жасақтамасымен үйлесімді емес. Фотосуреттерді компьютерге көшіру үшін жады картасын оқу құралын пайдаланыңыз (0 ViewNX-i бағдарламасын орнату).


Компьютер NEF (RAW) пішіміндегі кескіндерді фотокамерадан басқаша көрсетеді: үшінші тарап бағдарламалық жасақтамасы Picture Control режимдерінің, Қосылған D-Lighting немесе виньеттеуді басқарудың әсерлерін көрсетпейді. Capture NX-D бағдарламалық жасақтамасын пайдаланыңыз (0 Capture NX-D).


Bluetooth


Жад картасына қатынасу шамы фотокамера өшірулі кезде жанады: фотокамера смарт құрылғыға деректерді тасымалдауда. Бұл ақаулық емес.


Сымсыз принтерлерге және басқа сымсыз құрылғыларға қосылу мүмкін емес: бұл фотокамера SnapBridge қолданбасы орнатылған құрылғыларға ғана қосыла алады.


Өзге мәліметтер


Жазу күні дұрыс емес: фотокамера сағатын орнатыңыз (0 Camera Setup (Фотокамераны баптау), Time Zone and Date (Уақыт белдеуі және күн)).


Мәзір элементін таңдау мүмкін емес: кейбір параметрлер параметрлердің белгілі бір тіркесімдерінде немесе жад картасы салынбаған болса қолжетімді емес (0 Батареяны және жад картасын салу, Өңдеу мәзірінің параметрлері, Қолжетімді параметрлер).