Тілді таңдап, фотокамера сағатын орнатыңыз.

  1. Фотокамераны қосыңыз.

    Фотокамераны сатып алғаннан кейін бірінші рет қосқанда тіл таңдау диалогтық терезесі көрсетіледі. Қолжетімді тілдер фотокамера басында сатып алынған елге немесе аймаққа қарай өзгеріп отырады.

    Фотокамера мәзірлерін шарлау үшін мульти селекторды және J түймешігін пайдаланыңыз.

    Тілді белгілеу үшін 1 және 3 түймешіктерін басыңыз және таңдау үшін J түймешігін басыңыз. Тілді баптау мәзіріндегі Language (Тіл) параметрін пайдаланып кез келген уақытта өзгертуге болады.

  2. Фотокамера сағатын орнатыңыз.

    Фотокамера сағатын орнату үшін мульти селекторды және J түймешігін пайдаланыңыз.

    q

    Уақыт белдеуін таңдау

    w

    Күн пішімін таңдау

    e

    Жазғы уақыт параметрін таңдау

    r

    Уақыт пен күнді орнату (фотокамерада 24 сағаттық пішім пайдаланылатынын ескеріңіз)

    Сағатты баптау мәзіріндегі Time zone and date (Уақыт белдеуі және күн) > Date and time (Күн және уақыт) параметрін пайдаланып кез келген уақытта реттеуге болады.

Сағат батареясы

Фотокамера сағатына қуат тәуелсіз, қайта зарядталмалы қуат көзінен беріледі, ол негізгі батарея салынған кезде қажетінше зарядталады. Үш күн бойы зарядтау сағатқа бір айдай уақытқа жететін қуат береді. Егер фотокамера қосылған кезде сағаттың орнатылмағанын ескертетін хабар пайда болса, сағат батареясы таусылған және сағат ысырылған. Сағатты дұрыс уақытқа және күнге орнатыңыз.