Сонымен қатар, кескін сапасы мен өлшемі әр фотосуреттің жад картасында қанша орын алатындығын анықтайды. Үлкенірек, сапасы жоғарырақ кескіндерді үлкенірек өлшемдермен басып шығаруға болады, бірақ олар қосымша жадты қажет етеді, бұл жад картасында осындай кескіндердің азырақ санын сақтауға болатынын білдіреді (0 Жад картасының сыйымдылығы).

Кескін сапасы

Файл пішімін және сығымдау коэффициентін таңдаңыз (кескін сапасы).

Параметр Файл түрі Сипаттама
NEF (RAW) + JPEG fine (NEF (RAW) + JPEG жоғары сапалы) NEF/JPEG Әрбір фотосуреттің екі көшірмесін жазады: NEF (RAW) пішіміндегі кескін және JPEG көшірмесі. Қарау кезінде тек JPEG көшірмесі көрсетіледі, бірақ JPEG көшірмесін өшіру NEF (RAW) пішіміндегі кескінді де өшіреді. NEF (RAW) пішіміндегі кескінді тек компьютерді пайдаланып көруге болады.
NEF (RAW) NEF Кескін сенсорынан алынған RAW деректерін қосымша өңдеусіз жазады.
JPEG fine (JPEG жоғары сапалы) JPEG Фотосуреттерді JPEG пішімінде жазады. Сапа «сапалы» дегеннен «қалыпты» және «стандартты» дегенге өткенде сығымдалу артады және файл өлшемі азаяды.
JPEG normal (JPEG қалыпты)
JPEG basic (JPEG стандартты)
NEF (RAW)

Экспозиция түзетілімі, ақ түс балансы және Picture Control режимдері сияқты фотокамера параметрлері туралы ақпарат кескін сенсорынан алынған өңделмеген деректерден бөлек сақталады және кейінірек оларды кескін сапасын нашарлатусыз қалағанша жиі өзгертуге болады. Кескіндерді компьютерге көшіруге және параметрлерді Nikon жүктеп алу орталығынан тегін жүктеп алуға болатын ViewNX-i немесе Capture NX-D бағдарламалық жасақтамасын пайдаланып реттеуге немесе фотокамераның өңдеу мәзіріндегі NEF (RAW) processing (NEF (RAW) өңдеу) элементін пайдалануға болады. NEF (RAW) пішіміндегі кескіндер NEF пішімінде («*.nef» кеңейтімі) жазылады.

  1. Кескін сапасы параметрлерін көрсетіңіз.

    P түймешігін басыңыз, содан кейін ақпараттық дисплейде ағымдағы кескін сапасын белгілеп, J түймешігін басыңыз.

    P түймешігі

  2. Файл түрін таңдаңыз.

    Параметрді белгілеп, J түймешігін басыңыз.

NEF (RAW) пішіміндегі кескіндер

Image quality (Кескін сапасы) үшін NEF (RAW) мәнін таңдау Image size (Кескін өлшемі) параметрін Large (Үлкен) мәнінде бекітеді (0 Image Size (Кескін өлшемі)). Date stamp (Күн белгісі) (0 Date Stamp (Күн белгісі)) NEF (RAW) немесе NEF (RAW) + JPEG жоғары сапалы кескін сапасы параметрлерінде қол жетімді емес.

Кескін өлшемі

Кескін өлшемі нүктелер түрінде өлшенеді. # Large (Үлкен), $ Medium (Орташа) немесе % Small (Кішкентай) арасынан таңдаңыз:

Кескін өлшемі Өлшем (нүктелер) Басып шығару өлшемі (см) *
# Large (Үлкен) 6000 × 4000 50,8 × 33,9
$ Medium (Орташа) 4496 × 3000 38,1 × 25,4
% Small (Кішкентай) 2992 × 2000 25,3 × 16,9

300 нүкте/дюйм ажыратымдылығында басып шығарылған кездегі шамамен алғандағы өлшемі. Дюймдер түріндегі басып шығару өлшемі нүктелер түріндегі кескін өлшемін нүкте/дюйм (нүкте/дюйм; 1 дюйм = шамамен 2,54 см) өлшемімен берілген принтер ажыратымдылығына бөлгенде шығатын санға тең болады.

  1. Кескін өлшемі параметрлерін көрсетіңіз.

    P түймешігін басыңыз, содан кейін ақпараттық дисплейде ағымдағы кескін өлшемін белгілеп, J түймешігін басыңыз.

    P түймешігі

  2. Кескін өлшемін таңдаңыз.

    Параметрді белгілеп, J түймешігін басыңыз.